Central AsianResearch Index

THE INFLUENCE OF THE FATNESS CATEGORY OF SHEEP PRODUCERS ON THE REPRODUCTIVE ABILITY OF THE QUEENS OF THE KAZAKH SHORT-TAILED ROUGH-HAIRED SHEEP BREED

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫ САУЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨБЕЮШІЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ТҰҚЫМДЫҚ ҚОШҚАРЛАРДЫҢ ҚОҢДЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ

Бұл мақалада далалық аймақтардағы шаруа қожалықтар жағдайындағы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы саулықтарының көбеюшілік қабілеттілігіне өндіруші қошқарлардың қоңдылық категориясының әсерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нысаны ретінде Павлодар облысы Павлодар ауданының «Ак Бас-Павлодар» ШҚ өсірілетін жоғары және орташа қоңдылық категориясындағы қошқарлары мен саулықтары алынды, олар жоғары және төмен қоңдылық категориясындағы қойлармен салыстырғанда асыл тұқымдық отардың жоғары үлес салмағын иеленді. Бірінші кезеңде қойлардың қоңдылық категориясына байланысты ең жақсы комбинациялық нұсқаны белгілеу міндеті қойылды, ол үшін асыл тұқымды отардан қойлардың 3 тобы таңдап алынды. Павлодар ауданының далалық аймағының «Ак Бас-Павлодар» ШҚ жағдайында 1-ші топта қоңдылық категориясы жоғары қошқарлар мен саулықтары, 2-ші топта қоңдылық катего-риясы орташа қошқарлар мен саулықтары және үшінші топта қоңдылық категориясы орташадан төмен қошқарлар мен саулықтар қамтылды. Қоңдылықтары жоғары қошқарларды қоңдылықтары жоғары және орташа саулықтармен шағылыстыру кезіңде алынған төлдерді енесінен айыру кезіңдегі тірі салмақтары: еркек қозыларда 37,2 кг, ұрғашы қозыларда 35,5 кг және сәйкесінше екінші шағылыстырудан алынған еркек қозылардың салмақтары 35,7 кг, ал ұрғашы қозылары 33,5 кг болды. Қоңдылықтары орташадан төмен қошқарлармен саулықтарды шағылыстырудан туған қозылардың 4 айдағы өсімі еркек қозыларда 30,1 кг, ұрғашыларында 29,8 кг құрады. Экстерьерінің жекелеген бөліктерінің өлшемдері бойынша өсуді зерттеу белгілі бір құндылықты білдіреді, бірақ малдардың дене бітімін дұрыс бағалау үшін индекстері міндетті түрде есептелінуі тиіс, себебі жеке алынған өлшемдер ағзаның дамуының үйлесімділігі туралы толық түсінік бермейді. Дене индекстерінің негізінде малдардың биологиялық ерекшеліктерін және шаруашылықтық құндылығын анықтауға болады, себебі олардың арасында белгілі бір өзара байланыс болады. Осылайша қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қозыларының денелерінің линиялық өлшемдерін өлшеу динамикасы өсудің жалпы заңдылығына тән екендігін көрсетеді, яғни неғұрлым қарқынды өсу кезеңі баяу өсу кезеңімен ауысады. Ұрықтандырылған саулықтардың ұрықтану көрсеткіштері жоғары, орташа және орташадан төмен қоңдылық категориясы бойынша 96,6; 97,7; 87,7 пайыз аралығын қамтыған. Бұдан қарағанда қоңдылығы жоғары және орташа саулықтардың ұрықтану деңгейі 10 пайызға жоғары болатындығын зерттеу нәтижесінен көруге болады. Алынған қозылардың өсімталдығы 120,1; 131,4; 118,2 пайызды құрады. Ал, енесінен айыру кезінде сақталған қозылардың пайыздық көрсеткіштері жоғары қоңдылықтарда 98,6, орташа қоңдыларда 99,3, орташадан төмендерде 97,6 пайызды құрады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 353-364
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University