Central AsianResearch Index

ANALYSIS OF DOMESTIC HORSE BREEDS BASED ON WHOLE GENOME SNP-GENOTYPING

ОТАНДЫҚ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫН ТОЛЫҚ ГЕНОМДЫҚ SNP-ГЕНОТИПТЕУ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ

Заманауи технологиялардың дамуына байланысты әртүрлі генетикалық маркерлер ауыл шарушылығы малдарын генотиптеуде қолданыс тауып келеді. Генетикалық маркерлердің ішінде кең қолданыс тапқан SNP BeadChip жиынтықтары ерекше маңызға ие. Көшім жылқы тұқымның геномындағы гомозиготалы аймақтарды талдау үшін 107 бас жылқыға Infinium HTS Equine SNP80 BeadChip арқылы генотиптеу жүргізілді. SNP генотиптеу негізінде зерттеуге алынған жылқылардың геномында гомозиготалы фрагменттердің таралуы және олардың әрбір аутосома бойынша кездесу жиілігі анықталды. Көшім жылқы популяциясы бойынша жалпы 9653 гомозиготалық фрагменттер табылды. Гомозиготалы аймақтардың фрагменттер саны 1, 2, 3, 4, 14 және 7-ші хромосомаларда салыстыр-малы түрде жоғары екені анықталды, ал керісінше 31, 12, 30 және 29-шы хромосомаларда төмен деңгейі байқалды. Адай жылқы популяциясы бойынша жалпы 19578 гомозиготалық фрагменттер табылды. Гомозиготалы аймақтардың фрагменттер саны 1, 2, 3, 4, 10 және 11-ші хромосомаларда салыстырмалы түрде жоғары екені анықталды, ал керісінше 31, 30, 29 және 27-ші хромосомаларда төмен деңгейі байқалды. Зерттеуге алынған жылқы тұқымдарында инбридинг коэффициенті бір-неше ұрапқтар бойы есептелді. Екі жылқы тұқымы бойыншада ең жоғарғы инбридинг коэффи-циенті 50 ұрпақ бұрын анықталса, ал ең төменгі инбридинг дәрежесі 12 ұрпақ бұрын анықталды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 332-341
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University