Central AsianResearch Index

METHOD FOR DETERMINING THE STRESS RESISTANCE TYPES IN DAIRY CATTLE OF DIFFERENT BREEDS

СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ ӘРТҮРЛІ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА МАЛДАРДЫҢ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК ТҮРІН АНЫҚТАУ ТӘСІЛІ

Бұл мақалада әртүрлі тұқымды (голштин, қырдың қызыл, симментал) сиырлар-дағы кортизол деңгейінің өзгермелілігі және оның стресске төзімділік түрлерімен байланысы қарастырылады. Зерттеу көрсеткендей, голштин тұқымында кортизол мөлшері 30,27–184,12 нмоль/л құрайды, сиырлардың 11,11 %-ы стресске төзімділіктің төмен типіне, 18,52 %-ы жоғары және 70,37 %-ы тұрақсыз типке жатады. Қырдың қызыл тұқымында кортизол шегі 9,4–171,67 нмоль/л аралығында өзгерді, сиырлардың 19,35 %-ы төмен типті, 58,06 %-ы тұрақсыз және 22,58 %-ы жоғары типті деп жіктелді. Симментал тұқымы үшін кортизолдың мөлшері 45,95–188,47 нмоль/л құрады, оның ішінде сиырлардың 14,29 %-ы төмен типті, 64,29 %-ы тұрақсыз және 21,43 %-ы жоғары типті. Зерттеу шаралары 2023 жылдың тамыз-қазан айларында Павлодар облысы (Қазақстанның солтүстік-шығысы), Шарбакты ауданы, Орловка ауылыңдағы «Победа» ЖШС-де жүргізілді. Алынған нәтижелер жануарлардың жеке ерекшеліктерінің айтарлықтай әртүрлілігін көрсетеді және оларға әсер ететін стресс факторларының көптігін дәлелдейді. Базальды кортизол деңгейінің жоғарылауы мен ағзаның стресс жағдайларына реакциясы арасындағы нақты байланыс анықталды. Қандағы кортизол концентрациясын өлшеу жануарлардағы стресс деңгейін бағалау үшін ең ақпаратты және кеңінен қолданылатын физиологиялық көрсеткіш болып қала береді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 296-308
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University