Central AsianResearch Index

MEASURES AGAINST THE DEGRADATION OF GRAY-EARTH SOIL

СҰРТОПЫРАҚ ДЕГРАДАЦИЯСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

Сұртопырақ топырақ жағдайында жүргізілген ғылыми жұмыстар бағыты, сұртопырақтың деградациясына қарсы қолданылған органикалық-биологиялық мелиоранттарды қолдану негізінде, мақтаның М-5027 сортының агротехникасын әзірлеу, өнім жағдайын арттыру бойынша жұмыстары болып негізделеді. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы Түркістан облысының мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдардың өндірісіне, отандық жаңа Мақтаарал-5027 мақта сортының агротехнологиясын өндіріске терең ендіру үшін бағытталған. Қазіргі уақыттағы топырақтың құнарлылығы төмен және ағын су тапшылығы жағдайында, топырақ деградациясын төмендетудің қарқынды шараларының бірі – ол сұртопыраққа органикалық-биологиялық мелиоранттарды қолдану арқылы мақта баптаудың сорттық агротехнологиясын әзірлеу және Түркістан облысы жағдайындағы егістік алқаптардың өнімділігін арттыру болып табылады. Түркістан облысының суармалы егіншілік жағдайында топырақтың тозу процестерінің алдын алуға ықпал ететін жаңа буынның жоғары технологиялық органикалық-биологиялық мелиоранттарын тиімді пайдалану бойынша мақта өсірудің топырақ-ресурс үнемдеуші технологиясы, топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық жағдайларын жақсартуға және зиянды тұздардың жиынтық құрамын төмендетуге үлкен әсер етеді. Ғылыми зерттеу жұмыстары, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарындағы өзгермелі климат жағдайында, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өндіру үшін орнықты егіншілік жүйелерін әзірлеу және ендіру» жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 273-282
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University