INFLUENCE OF GREEN, ORGANIC AND MINERAL FERTILIZERS ON FERTILITY OF HIGHLY SALINE SOIL AND YIELD OF FODDER CROPS (ON THE EXAMPLE OF KYZYLORDA REGION)
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Арал теңізінің құрғауын 20 ғасырдағы ең ірі техногендік экологиялық дағдарыстардың бірі деп атады. Теңіздің жойылуы Арал өңірінің флорасы мен фаунасына, ландшафты мен климатына жүйелі түрде кері әсерін тигізді. Арал теңізінің құрғауы Арал ауданының күрт шөлейттеніп, топырағының тұздануына алып келді. Ылғалдың жетіспеуінен бұрынғы гидроморфты топырақтар 3-5 жылдың өзінде сортаң топыраққа айналды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қызылорда облысындағы тұзданған суармалы жерлердің көлемі шамамен 225,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде аздап тұзданған – 87,6 мың га, орташа тұзданған – 73,3 мың га, қатты және өте қатты тұзданған – 65,1 мың га. Ю.И.Ионис және т.б. анықтамасы бойынша, құрғақ аумақтардың экологиялық мәні «экстремалды факторлардың патшасы», олардың көпшілігін, оның ішінде тұздылық көрсеткішін реттеу - күрделі процесс. Мұндай жағдайларда өнімді фитомелиоранттарды құрудың негізгі әдісі тұзданған және басқа да экстремалды жағдайларға төзімді дақылдар мен сорттарды іріктеу, сондай-ақ оларды белгілі бір орта жағдайларына бейімдеу деп санайды. Сондықтан бұл мақалада жасыл, органикалық және минералды тыңайтқыштардың қатты тұзданған топырақтардың құнарлылығына және малазықтық дақылдардың өнімділігіне әсері анықталған.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 4, С. 257-272
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University