INFLUENCE OF NEW BIOLOGICAL GROWTH STIMULANTS ON THE PRODUCTIVITY AND QUALITY OF TOMATO CULTURE AND EFFECTIVENESS AGAINST DISEASES IN THE CONDITIONS OF SOUTHEAST KAZAKHSTAN
Берілген мақалада өсімдіктердің бойының өсуін және дамуын биологиялық үдеткіштердің қызанақ дақылының өсу параметрлеріне (фенологиялық және биометриялық көрсеткіштері), сапалық көрсеткіштеріне (құрғақ зат, жалпы қанттылық, С дәрумені, қышқылдылық, нитраттардың жинақталуы деңгейі), биологиялық (саңырауқұлақ ауруларының таралуы дәрежесі) және шаруашылық тиімділіктеріне (өнімділік көрсеткіші) әсері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілді. Ғылыми-зерттеулер «Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС «Қайнар» аймақтық филиалы тәжірибе егістерінде жүзеге асырылды. Тәжірибеде өсімдік бойын биологиялық үдеткіштердің келесі түрлері сыналды: 1. Superior 2 Flower, 2,0 л/га; 2. Superior 2 Flower, 2,0 л/га + КомплеМет, 2 мл/кг; 3. Атоник Плюс, с.е., 0,2 л/га. Алынған нәтижелер бойынша биологиялық препараттарды қолдану - қызанақ дақылының фенологиялық даму кезеңдерін 5-7 тәулікке қарқындатып, мықты жасыл масса қалыптастыруына оң әсерін тигізетіні анықталды. Сонымен қатар, биологиялық препараттарды қолданғанда, қызанақ егістерінде кездесетін негізгі саңырауқұлақ ауруларының таралуы деңгейі төмендеп, салдарынан химиялық препараттарды қолдану бойынша ұсынылған бүрку регламенттері 2-3 есе азайды. Зертханалық сараптама нәтижелері биологиялық препараттардың қызанақ жемістерінің сапасына оң әсер еткенін көрсетті. Жемістер құрамындағы негізгі көрсеткіштер біршама артып, нитрат деңгейі рұқсат-етілген көрсеткіштен төмен болды. Қызанақ егістерін биологиялық үдеткішермен бүрку, жемістердің жалпы өнімділігін арттырды. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда, 4,42 т/га (21,83%) - 6,90 (34,07%) қосымша өнім сәйкесінше алынды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 4, С. 219-231
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University