Central AsianResearch Index

INFLUENCE OF MINERAL FERTILIZERS ON PRODUCTIVITY OF BARLEY SOWING IN KARASAI DISTRICT OF ALMATY REGION

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АРПА ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

Арпаның халық шаруашылығындағы рөлі өте маңызды: оның дәндері әртүрлі салаларда алуан түрлі өнім өндіру үшін пайдаланылады. Арпа жармасы құнды әрі қоректік өнім болып табылады. Оның құрамында ақуыз 12–14%, май 2–3%, крахмал 54–55%, клетчатка 5,5–5,8%, күл 2–3% шамасында және арпаның сортына және өсу жағдайларына байланысты өзгереді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректік режимін жақсартып, өнімділікті арттырудың негізгі агротехникалық тәсілдерінің бірі – тыңайтқыш қолдану. Қолайсыз жағдайларда минералды тыңайтқыштар топырақтағы гумустың минералдану бағыты мен жылдамдығын өзгертеді. Тыңайтқыштарды қолдану бойынша инновациялық тәжірибелердің нәтижелері тиімді пайдаланылған тыңайтқыштардың өнімділікті сақтап, кейде арттыра алатынын көрсетті. Алайда тек минералды тыңайтқыштарды қолдану гумустың мөлшерін арттырмайды, тек бастапқы деңгейін ұстап тұрады. Азот жаңа инновациялық технологиялардың негізгі элементі ретінде өсімдік қалдықтарын ыдыратып, топырақтағы гумустың түзілуінде микроорганизмдердің белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Фосфорлы тыңайтқыштардың компост сапасын арттырудағы рөлі органикалық заттардың минералдану қарқынын бәсеңдететіндігімен ерекшеленеді, бұл жағдай азот тыңайтқыштарымен салыстырғанда айқын көрінеді. Алайда, тыңайтқыштарды шамадан тыс қолдану топырақтағы энергия мен қоректік элементтердің тепе-теңдігін бұзып, гумустың ыдырау үдерісін тездетеді, бұл мәселенің өзектілігін айқындайды. Алматы облысы, Қарасай ауданы жағдайында арпа дақылын индустриалды-инновациялық технологияларды пайдалана отырып өсіру топыраққа да, өсімдіктерге де тыңайтқыш енгізуді талап етеді. Зерттеулер нәтижесінде жаздық арпаның жоғары өнімділігін және оның тұрақты сапасын қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген тәсілдері анықталды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 208-218
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University