Central AsianResearch Index

FEATURES OF THE FORMATION OF YIELDS OF DOMESTIC AND FOREIGN VARIETIES OF FIBROUS FLAX IN THE ARID STEPPE ZONE OF KAZAKHSTAN

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛА АЙМАҒЫНДА ТАЛШЫҚТЫ ЗЫҒЫРДЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК СОРТТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада Қазақстанның құрғақ дала аймағында талшықты зығырдың отандық және шетелдік сорттарының өнімділігін қалыптастыру ерекшеліктері жөнінде айтылған. Екі жылдық зерттеу нәтижелері бойынша зығырдың егін көгінен пісу кезеңдерінің аралығы 102-106 күн болып, талшықты сорттар, стандартқа (отандық Кустанайский янтарь сорты) қарағанда өсіп-даму кезеңдері 4 күнге созылған. Талшықты зығыр сорттарының ішінде шетелдік Лидер сорты вегетациялық кезеңі 106 күн болып ерекшеленген. Сонымен қатар, өсімдік биіктігі бойынша отандық Кустанайский янтарь сорт майлы зығырға қарағанда, талшықты зығыр сорттарының сорттық сипаттамасына бойынша жинау алдында 13,1- ден 20,2 см дейінгі аралықта айтарлықтай биіктеп өскенін көреміз. Ал, шетелдік сорттардың ішінен ең биігі Грант сорты 70,6 см болып, стандартқа қарағанда 20,8 см-ге дейін өсті. Майлы және талшықты сорттардың барлығы жығылуға төзімді (5 балл) болып табылды. Майлы және талшықты зығыр өсімдігінің сорттық ерекшеліктеріне байланысты, физика-механикалық құрамы бойынша талшығының жіңішкелігі анықталып, зығыр талшығының жіңішкелігі бойынша Лада сорты стандарттан 29,0 м/г жуан болса, Грант сорты 13 м/г жіңішке болды. Зығырды иілгіштігі бойынша салыстырғанда, Талер сорты стандарттан 0,4 мм-ге қысқа болғанымен, басқа сорттар 1,0-ден 6,0-ға дейін мм дейін ұзын болды. Майлы және зығырдың өнімділігінің екі жылдық орташа көрсеткіштерін салыстырғанда, отандық Кустанайский янтарь сорты, шетелдік майлы және талшықты сорттардың өнімділігіне қарағанда 0,6-9,1 ц/га жоғары өнім қалыптастырды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 198-207
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University