Central AsianResearch Index

TRANSGRESSIVE VARIABILITY OF CHICKPEA LINES IN CONDITIONS OF AKMOLA REGION

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НОҚАТ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ТРАНСГРЕССИВТІ ӨЗГЕРГІШТІГІ

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне кері әсерін тигізетін негізгі абиотикалық факторлардың бірі – құрғақшылық. Сондықтан құрғақшылыққа төзімділігі жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарына деген сұраныс артуда. Сондай дақылдардың бірі – ноқат. Ноқат – экономикалық тұрғыдан әлемдегі үшінші дәнді-бұршақ дақылы. Ноқат - ауыл шаруашылығында кеңінен қолданыс тапқан әмбебап дақыл, сондай-ақ құрғақшылыққа да төзімділігі жоғары. Ноқаттың тағамдық маңыздылығы жоғары, себебі оның құрамындағы ақуыз мөлшері жоғары. Климаттың жылынуға қарай өзгеруіне байланысты ноқаттың жаңа сұрыптарын алу қажеттілігі туындап отыр. Ақмола облысының климаттық жағдайларына бейімделген ноқаттың жаңа сұрыптарын алу үшін келешекте селекцияда қолдануға болатын буданды формалар трансгрессиясын зерттеу қажет. Бұл мақалада ноқат белгілерінің тұқым қуалаушылық деңгейіне талдау жүргізіліп, ноқаттың буданды формаларындағы трансгрессивті вариацияны зерттеудің негізгі нәтижелері келтірілген. Бұл көрсеткіштер өнімділікті және қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділікті арттыру мақсатында жаңа сұрыптарды алу үшін маңызды. Сондай-ақ зерттеу селекциялық бағдарламалардағы генетикалық әртүрліліктің маңыздылығын айқындайды. Алынған нәтижелер климаттың өзгеруін ескере отырып, ноқаттың буданды формаларын алуда селекциялық үрдісті жүргізу стратегиясын әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері бұршақ дақылдарын өсіру кезінде азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін генетикалық жақсартулар мен тұрақты ауыл шаруашылық тәжірибелері бойынша және өзгермелі климаттық жағдайларды ескере отырып, нуттың гибридті түрлерін жасау кезіндегі болашақ зерттеулерге нұсқаулық бола алады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 188-197
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University