Central AsianResearch Index

GROWTH, DEVELOPMENT AND PRODUCTIVITY OF KOCHIA SAMPLES IN THE SEMI-DESERT ZONE OF SOUTH KAZAKHSTAN

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШӨЛЕЙТ АЙМАҒЫНДА ИЗЕН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІГІ

Мақалада қуаңшылық аймаққа төзімді Россия, Орта Азия, Қазақстан және Моңғолия елдерінің территориясында өсетін бағалы мал азығындық өсімдіктің бірі Алабұта тұқымдасының изен туысына жататын көп жылдық изен түрін (Kochia prostratа) зерттеу нәтижелеріне шолу жасалған. Қуаңшылқ аймақтың жайылымдық алқаптарының өнімділігін көтеру бағытында жергілікті жердің топырақ – климат жағдайларына бейімделген бағалы мал азықтық өсімдіктің бірі изен түрін зерттеу жұмыстарына қысқаша шолу жасалынды және оның тиімділігі көрсетілді. Изен үлгілерін Қазақстанның оңтүстік өңірінің шөл және шөлейт аймақтарында зерттеу нәтижесінде таубөктері аймақтарда екпе жайылым және шалғындық егістер жасау үшін сорттары шығарылды және жаңа сорттар шығару бағыттары бойынша ғылыми ізденістер жүргізілді, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік шөлі мен шөлейт аймағында зерттелген үлгілердің өсіп-даму ерекшеліктері айтылады. Жазық шөлде 165 үлгісін зерттеу нәтижесінде солтүстік және батыс өңірлерден алынған үлгілердің оңтүстік және шығыс өңірлерден алынған үлгілерге қарағанда жергілікті шөл аймақтын аптап ыстығына төзімсіздеу келіп, тіршілігі 2-7 жылдан аспады. Алайда зерттелген үлгілердің арасында биологиялық – шаруашылық қасиеттерімен ерекшіліктермен көзге түскен үлгілер болды. Оларды шөлейт аймақтың тау бөктерінде зерттеу нәтижелері олардың өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып оңтүстік және шығыс үлгілерімен бірдей өсіп – дамыды және тіршілігі 15-18 жылға дейін созылды. Сондай үлгілердің бірі Ақтөбе облысынан алынған К-101.14 үлгісі шөлейт аймағында бейімделген жайылымдық сорт шығару жұмысына қамтылды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 106-117
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University