Central AsianResearch Index

MASS PRODUCTION OF POTATO MINITUBERS IN THE GREENHOUSE USING DIFFERENT SUBSTRATES

ҚОРҒАЛҒАН ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӘР ТҮРЛІ СУБСТРАТТАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП КАРТОПТЫҢ ШАҒЫН ТҮЙНЕКТЕРІН ЖАППАЙ ӨНДІРУ

Картоп өте маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Халық картопты «екінші нан» деп атайды. Соған байланысты егістіктің белгілі көлемін алатын нәрлі заттар мөлшері жөнінен картоп адам баласы өсіретін өсімдіктер арасында алыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Қазіргі уақытта халықты картоппен қамтамасыз етудің бірден бір жолы сапалы бастапқы материалды алып, өндірудің тиімді жолдарын қарастыру. Мақалада әртүрлі субстраттарды пайдалана отырып, қорғалған топырақ жағдайында картоп дақылының биотехнологиялық әдістерді қолданып, in vitro жағдайында жедел көбейтілген өсімдік-регенеранттарының өміршеңдігін анықтауға, картоптың шағын түйнектерін жаппай өсіру жайлы деректер келтірілген. Ол үшін регенерант өсімдіктерді өсіруге арналған субстраттардың құрамы зерттеліп, әртүрлі субстраттардың арақатынасы анықталды. Картоптың шағын түйнектерін өсіруге және жаппай алу үшін, субстраттың әртүрлі нұсқаларында өсімдіктердің өсуі мен дамуы және жерсінуі туралы мәліметтер келтірілген. Картоптың отандық сорттарын шағын түйнектермен көбейтуді жеделдету тұқымдық картоптың көбею жылдамдығын, сонымен қатар сапасын арттыра алатындығы көрсетілген. Зерттеу нысаны ретінде отандық селекциясының аурулардан сауықтырылған Ақсор, Тамаша және Жанайсан сорттарының регенерант өсімдіктері алынды. Осы алынған сорттардан шағын түйнектер алу бойынша тәжірбиелер жүргізіліп, олар тұқымдық отырғызу материалы ретінде вируссыз негіздегі бастапқы тұқым шаруашылығына ұсынылды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 79-88
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University