THE EFFECT OF SOWING DATES ON THE YIELD OF SPRING SOFT WHEAT
Мақалада Ақмола облысының карбонатты қара топырақ жағдайында климаттық өзгерістерге байланысты жаздық жұмсақ бидай дақылының өнімділігіне себу мерзімінің әсері келтірілген. Солтүстік Қазақстанның су ресурстары шектеулі аймақтарында себу мерзімін дұрыс жоспарлау және алынатын өнімге топырақтағы ылғалды тиімді пайдалану қажеттілігін атай отырып, негізгі әсер етуші факторлардың үш жылдық орташа мәліметтері келтірілген. Зерттеу жылдары гидротермиялық коэффициенттің есептеулері 2021 және 2023 жылдары метеорологиялық жағдайларын өте құрғақ (ГТК = 0,43-0,41), ал, 2022 жылы құрғақ (ГТК = 0,8) деп сипатталды. Зерттеу жүргізілген үш жылдық орташа мәліметтер бойынша ең көп өнімді ылғалдың қоры 10 және 15 мамырда болса, ал ең азы 4 маусымда байқалды. Бидайдың вегетациялық пісіп-жетілу кезеңі 2021-2022 жылдары 95-90- күн болса, ал жаздың күрт құрғақ болуының салдарынан 2023 жылы вегетациялық кезеңі 83-85- күнге дейін қысқарған. 2021-2023 жж. зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, жаздық жұмсақ бидайдың ең жоғары өнімділік көрсеткіштері (16,5-16,9 ц/га) 5-20 мамыр аралығы оңтайлы себу мерзімі болып табылды. Ал, ең төмен өнімділік көрсеткіші 4 маусымда себілген мерзімде (13,4 ц/га) болды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 4, С. 57-66
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University