THE EFFECT OF PHOSPHATE-MOBILIZING BACTERIA ON THE GROWTH AND DEVELOPMENT OF FORAGE CROPS IN THE CONDITIONS OF THE KYZYLORDA REGION
Мақала Қазақстан Республикасында, атап айтқанда Қызылорда облысы жағдайында жемшөп өндірісін дамытуға арналған. Ауыл шаруашылығының осы саласының негізгі проблемасы – мал шаруашылығын дамытудың негізгі қағидаттарын бұзу. Аграрлық сала экспорттарының пайымдауынша, мал шаруашылығы саласындағы, мал азығы өндірісіндегі жұмыстардың ғылыми негізсіз жүргізілуі мал басының азаюымен қатар халықтың экономикалық тұрғыдан хал-жағдайының төмендеуіне әкеледі. Бұл қиыншылықтан шығудың жолы малазығы өндірісін ғылымға сүйене отырып жүргізуде. Қазіргі таңда бұндай ахуал өкінішке орай Қызылорда облысында да мүшкіл халде. Тәжірибе жүргізіліп отырған аймақта ауылшаруашылық кәсіпорын-дары көп жылдық шөптерге артықшылық береді. Аграрлық ғылыми орталықтарда дәнді малазық-тық дақылдардың жаңа сорттары жақсы нәтиже көрсетуде, олардың ішінде арпа, судан шөбі мен могарды атап өтуге болады. Қазақстанда жемшөп балансында жеңіл сіңімді көмірсулар мен бірін-ші кезекте қанттардың тапшылығы 40-45%, ал жемшөп протеині қажеттіліктің 20-25% құрайды. Бұл кемшілікті судан шөбі сияқты перспективалы арпа, могар дақылдарын, оның ішінде жасыл жем, шөп, пішен және сүрлем түріндегі өсіру арқылы толтыруға болады. Бұл дақылдар аталған өңірге таныс болғанымен олады өсірудің технологиясы толық зерттелмеген. Мақалада аталмыш дақылдарды отандық биопрепаратпен өңдеп себу арқылы өнімділігін арттыру да ұсынылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 4, С. 26-35
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University