INFLUENCE OF SOIL TILLAGE SYSTEM ON THE PRODUCTIVITY INDICATORS OF MELILOTUS UNDER CONDITIONS OF RICE CROPPING ROTATION
Қызылорда облысындағы сортаң топырақтарда өңдеуге байланысты түйежоңышқаның өсіп-дамуы және өнімділігін қалыптастырудың зерттеу нәтижелері бойынша бұл мақалада күріш ауыспалы егісіндегі нәтижелері келтірілген және топырақты өңдеу әдісіне байланысты өсіру технологиясы қарастырылған. Тәжірибе учаскесінің топырағы күрішті ауыстырмай егілген жырту қабатындағы қалдық 1,65%, күріштікпен салыстырғанда 0,88% құрады. Топырақты негізгі өңдеу әдістері топырақ ылғалының жиналуына және сақталуына әсер ететіні анықталды. Арал өңірінің сортаңды топырақтарында әр түрлі топырақ өңдеу әдістері (аударып және аудармай өңдеу) зерттелді. Топырақты әртүрлі өңдеу әдістерін топырақты аударып өңдеумен салыстырғанда топырақтың ылғалдылығы 18,5 және 23,4 % аралығында өзгерді. Оңтайлы ылғалдылық чизелдеуден кейінгіге қарағанда, тырмалаудан кейін жақсы сақталды. Вегетациялық кезеңнің соңына қарай түйежоңышқа өсімдіктерінің ең үлкен сақталуы аудармай өңдеумен себу алдындағы тырмалау кезінде қамтамасыз етеді, вегетациялық кезеңнің соңына қарай 490 дана/м2-ден 267 дана/м2 сақталған. Түйежоңышқаның белсенділігі, топырақтың қалдықсыз өңдеу кезінде анықталды, содан кейін тырмалау, онда көктеуден бастап бұталану басталғанға дейін түйежоңышқа егудің ең жақсы, су режимінде көрсетті және өсімдіктердің 1,4 – 1,78 есе көп сақталуын қамтамасыз етеді, ал түйежоңышқа жасыл массасының өнімділігі екі жыл ішінде 6,3-тен 15,9%-ға дейін артатыны байқалды. Топырақтың ылғалдылығын анықтау кезінде топырақты негізгі сүдігер жырту әдістері себу және көктеу мен түйежоңышқа бұталануының басталуы кезінде топырақ ылғалдылығының жинақталуы мен сақталуына әсер ететіндігі анықталды. Бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптердің өсіп-жетілуі және өнім құрауы оған пайдаланылған кешенді агротехникалық факторларға тікелей байланысты біздің Арал өңірі жағдайында жүргізілген зерттеу жұмыстарымыздың қорытындысында көрсетілген
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 4, С. 16-25
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University