RESULTS OF TRANSPLANTATION OF FRESHLY OBTAINED AND FROZEN-THAWED COW EMBRYOS
Бұл мақалада Павлодар өңіріндегі «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде симментал тұқымды донор сиырларының қатырылған және жаңа күйінде алынған эмбриондарын трансплантациялаудың нәтижелері көрсетілген. Жалпы эмбрион транспланта-циялау технологиясы жоғары өнімді мал басын көбейтудің жеделдетілген биотехнологиялық әдісі және генетикалық потенциалы жоғары малдарды қарқынды түрде қолданудың жүйесі болып табылады. Бұл технология тек өте құнды малдарды таңдап, ұрпақ сапасы бойынша тексеріліп, жақсартушы деп танылған өнімділігі жоғары малдарды ғана қолданғанда тиімді болады. Донор сиырларды ұрықтандырғаннан кейін 7 тәулік өткен соң жатыр мүйіздерінен алынған эмбриондардың 83,3 %-ы «өте жақсы» және «жақсы» сападағы бластоциста сатысындағы эмбриондарды иеленгендігі анықталды. Зерттеуге алынған барлық 12 қатырылған эмбрионның ішінде 2 эмбрион немесе 16,7 % сапасы «өте жақсы» морула сатысындағы, 6 эмбрион немесе 50,0 % сапасы «өте жақсы» бластоциста сатысындағы, 3 эмбрион немесе 25,0 % сапасы «жақсы» бластоциста сатысындағы және 1 эмбрион немесе 8,3 % сапасы «қанағаттанарлық» бластоциста сатысындағы эмбриондарды құрады. Жаңадай алынған бластоциста сатысындағы эмбриондардың «өте жақсы» сападағысын трансплантациялау кезінде бластоциста сатысындағы «жақсы» сападағы эмбриондарымен салыстырғанда 20,0% жоғары нәтиже беретіндігі зерттеуде анықталды. Қатырылып-ерітілген бластоциста сатысындағы эмбриондардың жатырда бекуі 50,0 %-ды құраған. Жаңа күйінде алынған және қатырылып-ерітілген «өте жақсы» сападағы эмбриондарды трансплантациялау ең тиімді болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 3, С. 122-130
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University