Central AsianResearch Index

EFFECT OF PESTICIDES ON THE SPREAD OF GROUPS OF MICROORGANISMS IN THE SOIL

ТОПЫРАҚТАҒЫ МИКРОАҒЗАЛАР ТОПТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА ПЕСТИЦИДТЕР ӘСЕРІ

Бұл мақалада көп жылдар бойы өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық препараттары қолдану нәтижесінде ластанған Солтүстік Қазақстан топырақтарын зерттеу деректері келтірілген. Гербицидтер мен инсектицидтерді бір рет және ұзақ уақыт қолданылғаннан кейін және пестицидтермен өңделмеген топырақтардағы микроағзалардың сандық құрамы әртүрлі қоректік орталарда зерттелді. Зерттеу нәтижесінде пестицидтер қолданылмаған нұсқаларда спора түзетін микроағзалар мен актиномицеттердің ең көп саны анықталып, олардың алуан түрлілігі атап өтілді. Пестицидтер қолданылған нұсқаларда, әсіресе ұзақ уақыт қолданылған кезде саңырауқұлақ споралары кең таралған, бұл көрсеткіш бақылау нұсқасына қарағанда 11 есе жоғары болды. Аталмыш нәтиже пестицидтердің топырақ микромицеттерінің азаюына септігін тигізбейтініне дәлел бола алады. Егістік топырақтарында Торнадо, Фюзилад Форте гербицидтерді және Энжио 247 инсектицидін қолданған кезде, Гаузе, Гетчинсон, Чапек-Докс қоректік орталарында өсетін актиномицеттер санының өсуі байқалды. ЕПА қоректік ортасында гербицидтер мен инсектицидтер қолданылған топырақтарда спора түзетін бактериялардың саны азайды, ал микроскопиялық саңырауқұлақтардың саны Торнадо гербицидтерін қолданылған нұсқаларда көп болғаны анықталды. Зерттеу нәтижесінде топырақты пестицидтер қалдықтарынан тазарту мақсатында қолданылатын тиімді жаңа консорциумдар құру үшін микроағзалардың жаңа штаммдары бөлініп алынды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 3, С. 90-99
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University