BIOECOLOGICAL SUBSTANTIATION OF THE EFFECTIVENESS OF ENTOMOPHAGES OF PEA PESTS (PISUM SATIVUM L.) IN THE AKMOLA REGION
Ақмола облысы жағдайында, бұршақ дақылының зиянкестері бұршақ бітесі мен түйнекті бізтұмсықтың жаппай көп кездескен энтомофагтары анықталды, олардың санының ауытқуы, экологиялық жағдайлардың энтомофагтарға әсер ету дәрежесіне байланысты биологиялық ерекшеліктері зерттелді, сонымен қатар энтомофагтардың тиімділігі негізделді. Зерттеу нәтижелері негізінде, зиянкес түйнекті бізтұмсықтардың санын басуда жыртқыш майда қоңыздардың ішінен энтомофагтардың басым, өте маңызды, тиімді топтары анықталды. Олар: Bembidion femoratum, V. quadrimaculatum, V. lampros, Microlestes minutulus. Ал, бұршақ бітесінің энтомофагтары қатарына бұршақ дақылының әртүрлі өсу кезеңдерінде кездесетін, экологиялық жағдайларға бейімделген, көп кездесетін (Syrphidae тұқымдасының түрлері: SyrphusribesiiL., S. CorollaeR., S. balteatusDeg., Sphaerophohasp.; Coccinellidae: Coccinella septempunctata L., С quinguepunctata L., Propylaea quatuordecinpunctata L., Hippodamia tredecimpunctata L, Adoniavariegata Goeze., C. trifasciataL., Chrysopidae: Chrysopacarnea Steph., Ch. semptempunctata). Сонымен қатар, фитофагтар мен энтомофагтардың маусымдық динамикасы мен биоэкологиясы зерттелді. Аймақтағы бұршақ дақылының бұршақ бітесі зиянкестерінің кокцинеллид (Coccinellidae) туысының үш түрі табылды, ал, түйнекті бізтұмсық зиянкестерінің 4 түрлі жыртқыш майда қоңыздары анықталды. Ақмола облысы, Шортанды ауданы жағдайында бұршақ дақылының зиянкестерінің энтомофагтарының тиімділігіне биоэкологиялық негіздеме берілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 3, С. 80-89
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University