Central AsianResearch Index

ECONOMIC-VALUABLE SIGNS OF PERSPECTIVE NUMBERS OF FACULTATIVE SOFT WHEAT

ФАКУЛЬТАТИВТІ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ БОЛАШАҚТЫ НОМІРЛЕРІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА – ҚҰНДЫ БЕЛГІЛЕРІ

Мақала бәсекеге қабілетті сорт сынау питомнигінде (БКССП) факультативті бидай номірлерінің шаруашылыққа-құнды белгілері мен биологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Нәтижесiнде БКССП факультативтiк бидайдың барлық номірлері өнiп-өсу – масақтану кезеңiнiң ұзақтығы бойынша орташа және орташадан ерте пiсетіндігі (күзгі себісте 169-дан 176-ға күнге дейiн, көктемгі себісте 40-52 күнге дейін) анықталды. Онтөрт номір (Лютесценс 365; 672; 1089; 211, 363, 957, 665; Эритроспермум 629; 333; 305; 1025; 886; 374; 105; 1025 және Ферругиненум 741) сары татқа қарсы иммунитетті көрсетті; 4 номір (Эритроспермум 333, 1025, 374 және Лютесценс 211) жапырақ татына орташа төзімділігімен және 4 номер (Лютесценс 671, 365, 696, 693) сабақтың татына орташа бейімділігімен сипатталды. Дәннің мөлшері (772 – 844 г/л), шыны тәрізділігі (60-тан 78%-ға дейін), қамыры (34,6-дан 51,5%-ға дейін) және ақуызы (15,2-ден 17,2%-ға дейін) сияқты өнім сапасының көрсеткіштері бойынша зерттелген номірлер күшті бидай санатына жатқызылды. Он номір күздік және жаздық себісте де ең жоғары өнімділікпен ерекшеленді: - Лютесценс 957; Лютесценс 693; Эритроспермум 105; Эритроспермум 305; Эритроспермум 629; Лютесценс 365; Лютесценс 696; Эритросперма 886; Эритроспермум 374 және Эритроспермум 507. Олар Қазақстанская 10 стандартымен салыстырғанда күздік егісте 6,2-10,2 ц/га дейін, көктемгі егісте 4,2-7,7 ц/га дейін артық өнімділігін көрсетті. Шаруашылыққа құнды белгілердің жеке көрсеткіштерімен ерекшелінген нөмірлер бидай селекцисында олардың көздері бола алады, ал белгілер мен қасиеттер жиынтығы бойынша іріктелген нөмірлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сорт сынауына өткізуге керек болашақты жаңа сорттар болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 3, С. 60-69
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University