Central AsianResearch Index

GRAIN QUALITY AND MAIN INDICATORS OF WINTER WHEAT VARIETIES

КҮЗДІК БИДАЙ СОРТ-ҮЛГІЛЕРІНІҢ ДӘН САПАСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қазақстан бидай өндіруде – ірі бидай экспорттаушы мемлекеттердің бірі болып табылады және әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Ауыл шаруашылығын дамытудағы басты мәселе тағамдық құндылығын сақтай отырып астық өндірісін, соның ішінде бидай өндірісін арттыру. Бидайдың отандық жаңа сорттарын өндіріске енгізу оны одан әрі пайдалану мақсатында астықтың технологиялық қасиеттеріне сорттық сипаттамаларының әсерін егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Осы мәселе негізінде мақалада күздік бидай сорт-үлгілерінің дән сапалық көрсеткіштеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтынан (БҚПҒЗИ) алынған күздік бидай сорт-үлгілері пайдаланылды. Дәндегі ақуыздың және оның фракцияларының құрамы Кьельдал (ГОСТ 10846-91) әдісімен анықталды. Крахмалдың құрамы - поляриметриялық, ал амилоза - йодометриялық әдісімен анықталды. Ұнның седиментации көрсеткіші С.С.Синицын, Л.А. Зелова әдісімен анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шаруашылық-құнды жоғары бидай сорт-үлгілері дәннің сапалық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай ерекшеленді. Зерттелінген күздік бидайдың сорт-үлгілерінің сапасына оның белгілі бір өнім шығаруға жарамдылығына қарай бағаланды. БҚПҒЗИ коллекциялық үлгілері дәнінің технологиялық көрсеткіштері жылтырлығы (%), седиментациясы (%), белогы (%), клейковинасы (%), ИДК (бірлік) бойынша бағаланды. 688Н552, 837Н292-4 сорт-үлгілер дән сапасының классификациясы бойынша, ең жоғарғыларға жатқызылды. Аталған бегілер бойынша жоғары нәтижелер берген Линия 1007/74, Линия 1023/74, 837Н292-4, 1056Н16, 2360Н1, 55494, 57442, К-74503 сияқты сорт-үлгілерді күздік бидай селекциясында кеңінен пайдалануға болады. Аталған сапа көрсеткіштері жоғары бидай үлгілері бидай негізіндегі өнімдерді жасауда құнды материал бола алады

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 3, С. 51-59
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University