JUSTIFICATION OF THE EFFECTIVE LOAD CAPACITY AND OPERATING SPEED OF THE FEED TRANSPORTATION UNIT
Мал азығын тасымалдауға арналған агрегаттардың тиімді жүк көтергішігі мен жұмыс жылдамдығын негіздеу барысында экспериментті зерттеулер Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан шаруашылықтардың суармалы егістік жағдайында жүргізілді. Бұл зерттеулер барысында натуралық тәжірибелер, хронометражды есептеулер және эксперименттерді қолданып жасалған модельдер қолдану арқылы орындалды. Тиімді жүк көтергіштік пен агрегаттардың жұмыс жылдамдығын зерттеу жұмыстары математикалық статистика әдістері мен ықтималдық теориясын қолдану арқылы өңделді. Мал азығын дайындау кезінде әсер етуші технологиялық және табиғи факторлардың бір – біріне келтіретін әсерлерін синтездейтін мал азығын дайындаудың технологиялық процестерінің имитациялары жасалды. Суармалы егістік жағдайында мал азығын тасымалдау технологиясына жасалған натуралық және есептеу эксперименттері негізінде, атқарылатын жұмысты сипаттайтын негізгі табиғи және технологиялық факторларының аналитикалық тәуелділіктерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Зерттеулер барысында мал азығын тасымалдау қашықтығының және жинау агрегатының өткізу қабілетінің байланысы мен параметрінің тиімді мәні анықталды. Жұмыс атқару кезінде 4 класс жүкті категориялы жолмен тасымалдау арқылы тіркеменің жүк көтергеіштігі, тасымалдау агрегатының жүк көтергіштігін және жүк көтергіштігін пайдалану коэффициентінің қатынасы арқылы кузовтың қажетті сыйымдылығы және трактор қозғалтқышының қозғалыс жылдамдығына қажетті тиімді қуаты анықталып графиктер мен номограмма тұрғызылды
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 2, С. 274-282
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University