Central AsianResearch Index

HYDROGEOLOGICAL CONDITIONS OF IRRIGATED LANDS OF KYZYLORDA REGION

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГИДРОГЕОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЛАРЫ

Мақалада Қызылорда облысы суармалы массивтерінің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайлары оларға әсер етуші факторлар, экологиялық, экономикалық салдарлары талданып, жақсартудың ғылыми-практикалық негіздемелері зерттеліп, ұсыныстар жасалынады. Қазіргі таңда жаһандық климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірінде, әсіресе, әлем назарындағы Арал аймағында айрықша сезілуде. Су ресурстарын тиімді пайдалану, суармалы егіншілікті қалыптасқан жағдайға бейімдеу және облыстың суармалы жерлерінің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайларына үздіксіз мониторинг жасап, нәтижелерін талдау және қажетті шешімдер қабылдай отырып, жақсарту бағытында ұсыныстар жасау маңызды. Соңғы жылдары су шаруашылығы бағытында елімізде кешенді бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Дегенмен, көп жағдайда ғылыми-практикалық мәліметтердің терең талданбауына немесе толық еместігіне байланысты олардың нәтижелері ойдағыдай болмауды. Сондықтан, бұл мақалада суармалы егіншіліктегі гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайларды Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының мәліметтерін зерттей отырып, нақты талдаулар жасау арқылы ғылыми-практикалық тұжырымдамалар жасалды. Суармалы жерлердің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайларының қалыптасуы жер асты суларының деңгейіне (ЖСД), олардың минерализациясына, топырақ құрамына, сонымен қатар ирригация, коллекторлы-дрендік жүйелердің жұмыс істеуі, суару суының сапасы, климаттық факторлар, агротехнологиялық шаралардың дұрыс жүруіне тікелей байланысты. Бүгінгі күні Қызылорда облысының суармалы массивтерінің жағдайлары төмендегідей бағаланады: Жаңақорған-Шиелі массиві – салыстырмалы түрде жақсы; Қызылорда оң жаға және сол жаға массивтері – орташа; Қазалы сол жаға және оң жаға массивтері – ауыр. Әрине, мұндай бағалаулар массивтер аймағында әртүрлі болатындығы белгілі. Сондықтан, массивтердің жағдайын бағалау және жақсарту бағытындағы шаралар аса маңызды болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 2, С. 240-252
Язык
Английский
Цитирований
1
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University