Central AsianResearch Index

THE INFLUENCE OF SOWING METHODS ON THE STRUCTURE AND YIELD OF PEA VARIETIES

СЕБУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ АСБҰРШАҚ СОРТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Мақалада асбұршақтың жаңа жоғары өнімді және күйзеліске төзімді перспективалы сорттарын өсірудің ресурс үнемдейтін технологиялары зерттелді. Тәжірибе дала жағдайында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Саймасай ауылындағы «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе станциясында тәлімді жағдайда жүргізілді. 2021 жылы ауа райы, көпжылдық ауа райының мәліметтеріне қарағанда құрғақшылығымен ерекшеленді. Осы жылдың ауа температурасы жылдық көрсеткіш бойынша +18,4 0С болса, көпжылдық ауа райының мәліметтеріне +14,9 0С, яғни көпжылдық ауа райымен салыстырғанда +3,5 0С көтерілгені байқалды. Көпжылдық ауа райының мәліметтеріне қарағанда, зерттеу жүргізілген бұл жылы жауын-шашын мөлшерінің аздығына қарамастан, ылғал мөлшері жеткілікті болды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 2021 жылы 55 пайыз болса, көпжылдықта 50 пайыз. Елде өсіруге рұқсат етілген және біздің отандық ғалымдар шығарған мемлекеттік сорттармен сыналған бұршақтың жас және ақсақ сорттары алынды және зерттелді Елімізде өсіруге рұқсат етілген және мемлекеттік сорты сынақтан өткен, отандық ғалымдарымыз шығарған асбұршақтың Жасылай және Ақсары сорттары алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижесінде асбұршақ сорттарының өнімділігі үшін мүмкіншілігі жоғары, ресурс үнемдейтін технологияларын пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында және тәлімді жағдайында өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық-құнды белгілері зерттелді. Атап айтқанда, өсімдіктің себілген күнінен бастап: шығуы, бұтақтануы, бұршақ қап түзуі, гүлденуі, толық пісуі, құрғақшылыққа төзімділігі, өсімдік биіктігі, егін түсімі, масақ және дән көрсеткіштері анықталды. Зерттеу нәтижесінде бірдей жағдайда өсірілген асбұршақ сорттарының өнімділігін салыстырғанда, «Жасылай» сортының өнімділігі Ақсары сортынан 3,5 ц/га жоғары жоғары болғандығы анықталды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 2, С. 69-82
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University