PRODUCTIVITY MELILOTUS OFFICINALIS (L.)DEPENDING ON THE APPLICATION AND AMOUNT OF ORGANIC AND MINERAL FERTILIZERS OF RICE CROP ROTATION IN THE ARAL SEA REGION
Зерттеулер көрсеткендей, Қызылорда облысының қолайсыз экологиялық жағдайларында, ең алдымен, су тапшылығымен, топырақтың тұздануымен және тозуымен байланысты, фитомелиорациямен, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды кешенді қолдану қарастырған. Егістік танабынан жоғары өнімді, сапалы және арзан пішен, сүрлем және т.б. мал азығын дайындауға мүмкіндік беруі экологиялық апатты бастан кешіп келе жатқан жергілікті ауыл шаруашылығы экономикасын көтеруге септігін тигізеді. Мақалада минералдық және органикалық тыңайтқыштардың зерттелген әртүрлі нормаларының ішінен фосфор тыңайтқыштарын Р60 дозасында енгізу ең тиімді болып табылады, бұл дақыл өнімділігінің 53,5% - ды құрайды және өнімнің артуын қамтамасыз етеді. Түйежоңышқа топырағының өңделетін қабатында (0-30 см) 113,6-141,1 ц/га тамыр қалдырады. Топырақтың 65-70% ЕСС дейін су режимін қамтамасыз еткенде тамыр қалдықтары 134,9 ц/га болды. Түйежоңышқа өнімділігінің сақталуы, сиреуі және өнім құрауы тұқым себу мөлшерінен гөрі тыңайтқыш нормаларына көбірек сезімтал екендігі байқалды. Түйежоңышқа пішенінің сапасы мен тағамдық құндылығына фосфор тыңайтқыштарының нұсқалары және 15 т/га көңді Р60-пен біріктіру варианттары айтарлықтай әсері анықталды, мұнда түйежоңышқа 1-ші жылындағы өмірінің ақуыз мөлшері 280,2 және 302,4 кг/га дейін, ал өмірдің 2-ші жылында 591,9 және 608,4 кг/га дейін өскені байқалды. Минералдық және органикалық тыңайтқыштардың түйежоңышқа өнімділігі мен өнімділік элементтеріне әсерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Азотты тыңайтқыш пен көңді қолдану арамшөптердің, әсіресе шиін-күрмек арамшөбінде қарқынды өсуіне ықпал ететіні анықталды, ал фосфор тыңайтқыштары, керісінше, олардың өсуін тежеп және баяу өсетіні тәжірибе қорытындыларында көрсетілген
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 2, С. 6-16
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University