Central AsianResearch Index

BASICS OF PRODUCTION PROCESSES FOR PREPARATION OF GREEN FEED

КӨК ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨНДІРІСТІК ҮДЕРІСТЕРІН НЕГІЗДЕУ

Мақалада Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының аудандарындағы күріш ауыспалы егістігінде мал азықтық көк жем-шөп дайындаудың технологиясын негіздеу мақсатындағы зерттеулер баяндалған. Зерттеу жұмысын негіздеу барысында мал азықтық көк жем-шөп ретінде жоңышқа дайындауда қолданылатын машина-механизмдер мен өсімдіктің және қоршаған ортаның әсер етуші факторларының ықтималдық сипаты қарастырылады, осы факторлардың өзара байланыстары мен әсерлері есепке алынды. Күріш ауыспалы егістігі жағдайында көк жем-шөп дайындау технологиясын негіздеу мақсатында жалпы қызмет көрсету теориясы, машиналардың сенімділік теориясы және ықтималдық теориясы қолданылады. Көк жем-шөп дайындауды негіздеу барысындағы экспериментті зерттеулер Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы суармалы егістіктің инженерлік жүйелеріндегі алқаптық тәжірибелер, хронометражды есептеулер және жасалған эксперименттер негізіндегі имитациялық модельдер бойынша жүргізілді. Негіздеудің нәтижелері ықтималдық теориясы және математикалық статистика әдістері де қолданылды. Көк жем-шөп дайындау барысында әсер етуші табиғи және технологиялық факторлардың ықтималдық сипаты мен сыртқы ортаның өзара байланыстары, сонымен қатар, өзара әсерлердің қосындысын синтездейтін көк жем-шөп дайындаудың механикаландырылған технологиялық үдерістерінің имитациялық моделі жасалды. Көк жем-шөп дайындау және тасымалдау технологиясының алқаптық және есептеу эксперименттері негізінде жұмыс тиімділігі көрсеткіштерінің аналитикалық тәуелділіктері анықталды. Негіздеу барысындағы көк жем-шөп дайындау үдерісінің жасалған моделі мен соған байланысты туындаған ұсыныстар, көк жем-шөп дайындау, тасымалдау кешендері, оларды пайдалану режимдері нақты өндірістік жағдайда тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 1, С. 206-215
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University