Central AsianResearch Index

BIOLOGICAL FEATURES OF GRAY KARAKUL SHEEP DEPENDING ON THEIR BEHAVIORAL TYPES

КӨК ТҮСТІ ҚАРАКӨЛ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЖҮЙКЕ ТИПТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шөл және шөлейт аймақтарда өсірілетін қой тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктерін ашатын зерттеулердің ішінде қаракөл қой тұқымының этологиясын зерттеулер өте маңызды орын алады. Жалпы жануарлардың жүйке типтері, бір жағынан, генетикалық-құрылымдық ерекшеліктерімен, екінші жағынан, қоршаған орта факторларымен байланысты. Сондықтан Түркістан облысының көк түсті, күміс реңді, жакеттік елтірілік типті қой тобының жүйке типтері бойынша типологиялық құрылымы зерттелді. Бірінші рет өнімділік көрсеткіштері, жүйке типтерінің өнімділікпен байланысы бар екенін ескере отырып, көк түсті, күміс реңді, жакеттік елтірілік типті қаракөл қойларының жүйке типтері ерекшеліктерінің ұрпақтарында қалай көрініс беретіні зерттелді. Жүйке типтері ерекшеліктері бойынша әр түрлі типіндегі қойлардың төлдерінде тұқым қуалау көрсеткіштері де әр түрлі деңгейде болатынын анықталды. Жалпы елтірілік типтердің тұқымға берілуін зерттеу нәтижесінде тәжірибелік малдар арасында осы көрсеткіш бойынша біршама айырмашылықтар болатыны анықталды. Мұнда қажетті жакеттік елтірілік типіндегі қозылардың шығымы бойынша барлық тәжірибе тобындағы жуас малдар басым болса, керісінше құндылығы төмен кавказдық елтірілік типіндегі қозылар көп туылатыны анықталды. Тұқым алуға қалдырылатын элита класына жатқызылған аталық қошқарларының ұрық сапасы ең нашар көрсеткіштері жүйке типтері өте үркек қошқарларда екені анықталды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 1, С. 154-166
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University