Central AsianResearch Index

FORECASTING CROP PRODUCTIVITY FOR FOOD SECURITY: A REVIEW

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН БОЛЖАУ: ШОЛУ

Ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін болжау деректері Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму саласындағы "Нөлдік аштық" (SDG2) және "Құрлықтағы өмір" (SDG2) сияқты мақсаттарын жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, әлемнің көптеген елдерінде ауыл шаруашылығы мен ауылдық статистиканы жақсартудың жаһандық стратегиясына арналған ерте ескерту жүйелерін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Бұл мақалада, ғылыми материалдарды іздестірудің халықаралық жүйелері арқылы тақырып бойынша жарияланған ғылыми еңбектерге шолу жасалып, ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін болжау мәселесіне және өнімділікті болжау бойынша ғалымдардың жүргізген зерттеу нәтижелеріне талдау жасалды. Шолу барысында ауылшаруашылық өндірісі суару арқылы ғана жүзеге асатын аймақтарда өсетін ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін болжау мәселесі жеткілікті зерттелмегендігі анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелеріне талдау жасағанда өнімділікті болжау жұмыстарында мынадай мәселелердің: агрометеорологиялық жағдайды ескеру, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, алдын-ала болжау кезеңін анықтаудың маңызды екендігі айқындалды. Зерттеушілердің ауылшаруашылық дақылдың өнімділігін болжауда жиі негізге алған деректері және болжаудың кілті ретінде қолданған тәсілдері мен құралдары көрсетілді. Ғалымдар тарапынан әзірленген болжаудың әдіс-тәсілдерінің қолданбалы негіздеріне назар аударылып, оларды Қазақстан жағдайында қолданудың мүмкіндігіне баға берілді

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 1, С. 144-153
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University