Central AsianResearch Index

THE FORMATION OF PRODUCTIVITY OF DIVERSIFICATION CROPS ON A DIFFERENT BACKGROUND OF MINERAL FERTILIZERS IN THE CONDITIONS OF RICE CROP ROTATION IN THE KAZAKH ARAL SEA REGION

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІ ЖАҒДАЙЫНДА МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАСЫНДА ӘРТАРАПТАНДЫРЫРЫЛҒАН ДАҚЫЛДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақалада күріш ауыспалы егіс жағдайында әртүрлі мөлшердегі минералдық тыңайтқыштарының диверсификациялық дақылдардың (арпа, майбұршақ, рапс) шаруашылық – бағалық белгілеріне әсерінің нәтижелері көрсетілген. N90 P90 нұсқасы бойынша өсімдіктің өсуі мен дамуына (жоғары өнімділік, өсімдіктің сақталуы, қолайлы сабағы, бұршаққаптар мен масақтардағы жоғары дәнділік, вегетациялық кезеңнің ұзаруы) оң әсерін тигізді, бірақ осы сипаттамалардың қосындысынан түптеп келгенде жоғарғы өнімділіктің қалыптасатыны анықталды: арпа – 28,7 ц/га, майбұршақ – 11,8 ц/га, рапс – 19,5 ц/га. Алғаш рет Қазақстандық Арал өңірі күріш жүйесінің тұзданған топырақ жағдайында арпа, майбұршақ (ақуыздың құрамы), рапстың (майлылығы) сапалы көрсеткішкіштері анықталды. Минералды тыңайтқыштардың мөлшерін арттыру кезінде, арпаның дәні мен майбұршақтың тұқымында ақуыз санының өсуі рапстың тұқымынан алынатын май көптеген жағдайда тұқымның өнімділігі байланысты немесе минералды тыңайтқыштардың мөлшерін арттырса да тұқымның майлылығына әсер етпейтіні анықталды. Жергілікті жердің климаттық жағдайы бойынша табиғи қолайсыз аймақ болып есептелетін Қазақстандық Арал өңірінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімділігін қамтамасыз ету жайлы бұл мақалада оң нәтижесін берген жұмыстар жан-жақты сипатталады. Күріш ауыспалы егістігінде арпа, рапс және майбұршақ дақылдарынан мол өнім алуда тыңайтқыштардың маңыздылығы айтылған.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 1, С. 15-25
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University