IMPROVING THE REGIME OF OROSHENIYA RISE
Мақалада күріш дақылының тиімді суару режимі қарастырылған. Далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары Қарауылтөбе экспериментальді учаскесі күріш ауыспалы егісінде орындалды. Зерттеу жұмысы барысында топырақ пен судың қолайлы тұзды және жылу режимдерін сақтай отырып, күріштің өсуі мен дамуының тиімді физиологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында күріш атызын суға бастырудың оңтайлы көрсеткіштері анықталды. Зерттеу барысында тиімді күріш суару режимін анықтау мақсатында үш нұсқа бойынша жұмыс жүргізілді. Суару жүйесінің мелиоративтік жағдайы көбінесе суармалы жерлердің су режимімен анықталады. Өз кезегінде суармалы жерлердің су режимі өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының суару режиміне тікелей байланысты. Күріш суару жүйесі үшін бұл маңызды мәселе. Соңғы жылдары осы аймақта су тапшылығы айқын сезілуде. Бұған қоса суармалы желінің пайдалы әсер көрсеткішінің төмендеуі де кері әсерін тигізуде. Судың шығыны басым болуы салдарынан егіс топырағы сортаңданып, дақылдар өнімділігі төмендеді. Осыған орай оңтайлы күріш суару режимін анықтау маңызды мәселе болып табылады. Топырақ сортаңдығы орташа жағдайда тиімді тұз режимі атыздағы суды екі мәрте ғана ауыстырудың қолайлы екені осы зерттеулер көрсетті. Суды жаз бойы төрт мәрте ауыстырудың тұз жағдайының жақсаруына және өнімнің өсуіне қажет емес екенін осы зерттеулер көрсетті. Атыздағы су деңгейін жіті қадағалап, суды жаз бойы екі мәрте ауыстыру жоғары өнімділікті қаматамасыз етті. Осыған қоса мұнда әрбір центнер күріш алуға жұмсалған ылғал мөлшері төмен болды, су барынша тиімді аз пайдаланылды
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 1, С. 6-14
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University