METHODS OF USING CHICKPEA PROTEIN ISOLATE IN THE FOOD INDUSTRY
Бұл мақалада ноқат ақуыздарының изолятын алу технологиясын жасау және оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу қарастырылған. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: ноқаттың химиялық құрамын талдау; ноқат ақуызының изолятын алудың оңтайлы шарттарын анықтау; алынған ноқат ақуызының изолят физика-химиялық қасиеттерін зерттеу және оның биологиялық құндылығын анықтау. Зерттеу нысаны - ноқат бұршағы және ноқат бұршағынан ақуыз изоляты. Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес ноқат бұршағының химиялық құрамы (100г): ылғал мөлшері 3%, ақуыз мөлшері 28,5% және май мөлшері 5,3% екені анықталды. «Юбилейный» сортының ноқат бұршағынан ақуыз изоляты алдын ала майсыздандырылған шикізаттан ақуызды сілтілі экстракциялау және қышқыл ортада ақуызды тұндыру арқылы алынды. Ноқат бұршақтарының ақуызын алу кезінде рН=11 тең сілтілі ортасында ақуыздың ең көп шығымдылығы байқалды. Тәжірибеде «Юбилейный» ноқат ақуызының изоэлектрлік нүктесі рН=4,6 тең екендігі белгілі болды, осыған байланысты қышқыл ортада ақуыздың максималды тұндырылуы аталған рН-та жүргізілді. Тұнба 0,15-0,20 кПа қысымда және 50 °С температурада лиофилизация әдісімен кептірілді. Алынған ақуыз изолятының ылғалдылығы 6,0%; ақуыз мөлшері 90%; май мөлшері 0,4% болды. Алынған ноқат ақуызының изоляты ФАО/ДДҰ-ның аминқышқылдардың эталондарымен салыстырылып, барлық қажетті аминқышқылдарын жеткілікті мөлшерді көрсетті. Аминқышқылдарының СКОР есептеу «Юбилейный» ноқат бұршақтарынан алынған ақуыз изоляты үшін шектеуші амин қышқылы Лизин екенін көрсетті (47%). Басқа алмастырылмайтын аминқышқылдарының СКОР-ы 100%-ға жақын. Ноқат ақуызы изолятының биологиялық құндылығы 63% құрады
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 67, С. 130-140
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University