CHANGES IN THE QUALITY INDICATORS OF APPLE FRUITS DURING STORAGE
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бау-бақша шаруашылығын дамыту Қазақстанда мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі құралына айналуда. Аймақтың табиғи-климаттық жағдайы отандық іріктелген алма ағаштарының үздік үлгілерін пайдалануға мүмкіндік береді. Халық арасында үлкен сұранысқа ие дәстүрлі алма ағашының Апорт, Восход, Мақсат, Рахат, т.б сорттары жеміс-жидектерді сақтаудағы қиындықтарға байланысты кең көлемде өсірілмейді. Бұл мақалада Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Суздалева шаруа қожалығында органикалық егіншілік жағдайында өсірілген Қазақстандық селекциядағы алма жемістерін сақтау кезінде С витамині құрамының динамикасы, құрғақ заттың массасы, ылғалдың массалық үлесі, жалпы қанттың массалық үлесі бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелері келтірілген. Жемістер қыркүйектің соңынан бастап сақталып, желтоқсанның ортасында сатылды. Сақтау кезінде С витаминінің ең аз мөлшері өңделмеген нұсқада байқалады, ал С витамині мөлшерінің жоғарылауы иммуномодуляторы бар нұсқада байқалады. Зерттелген екі сорттың да көрсеткіштерінде шамалы айырмашылықтар болды. Восход Алатау сортттарының бақылау нұсқасында 13-28 және Мақсат сортында 15-52. Құрғақ заттардың мөлшері Максат алма сортындағы Экстрасол және Фитолавин препаратымен өңделген нұсқада тиісінше 17-23 және 17-31 жоғары. Восход және Алатау сортында, сондай-ақ сақтау кезеңінде құрғақ заттың массасы Экстрасолмен өңделген нұсқада 15,5-ке және Агрофлоринмен өңделген нұсқада 15,65 мг дейін көтеріледі. Жемістердегі кальцийдің ең төмен мөлшері – Фитолавин нұсқасында - 29,17 мг, содан кейін Мақсат сортында - 27 мг. Восход сорты сақтау кезінде кальцийдің жоғалуын 33,45 мг-ден 29,0 мг-ға дейін көрсетеді
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 67, С. 70-79
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University