ASSESSMENT OF THE PHYTOSANITARY STATE OF WINTER WHEAT CROPS IN THE FOOTHILL-STEPPE AND MOUNTAIN-STEPPE ZONES OF THE ZHAMBYL REGION
Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы сараланған күздік бидай дәнінен жоғары өнім алудың негізгі факторларының бірі зиянды ағзалармен күресу болып табылады, олармен күресудің дер кезінде және сараланған, ұтымды, экономикалық тиімді әдістері мен технологияларын жасау әзірлеу ғылыми зерттеулердің өзекті және перспективалық бағыты болып табылады. Мақалада күздік бидай алқабындағы зиянкестердің түрлері, олармен күресу және таралуы анықталған. Анықталған зиянды организмдерден химиялық қорғау шаралары жүргізілді, дәрілік заттардың химиялық әсері зерттелді. Нәтижелері бойынша астық бітесі саны пестицид қолданылған танаптағы 3,8-6,1 дана/сабақ таралған, биологиялық тиімділік 66,3-78,1%, ал зиянды бақашық0,9-2,0 дана/м2, биологиялық өнімділік 68,3-83,4%, септориялар - 3,0-5,6%, биологиялық тиімділігі - 71,6-83,0%, біржылдық және көп жылдық қосжарнақты арамшөптер - 1,0-2,4% , биологиялық тиімділігі - 77,6-86,5% көрсеткіш анықталады. Ең жоғары рентабельділік көрсеткен Примадонна, с.э. + Акеллик 500, к.э. препараттары қолданылған нұсқа 150,5%, ал Примадонна, с.э. + Эсперо, к.с. рентабельділігі одан 9,0% төмен, яғни 141,5%, Актеллик 500, к.э. препараты 136,2%, ал Эсперо, к.с 129,9%, 6,3%-ға төмен рентабельділік көрсетті.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 66, № 3-2, С. 70-77
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University