Central AsianResearch Index

WAYS OF EFFECTIVE USE OF NATURAL DESERT PASTURES IN THE SOUTHERN TERRITORY OF KAZAKHSTAN

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АУМАҒЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ШӨЛ ЖАЙЫЛЫМДАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Мақалада Қазақстанның шөл аймақтарындағы табиғи жайылымдардың физико-географиялық және топырақ климаттық ерекшеліктеріне қарай үш аймақаралықтарға бөліну ерекшеліктері мен ондағы табиғи жайылымдарды ұтымды пайдалану жолдары қаралды. Қазіргі таңдағы басты мәселе осы әр бір аймақаралықтарда таралған табиғи жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі ерекшелігі яғни жергілікті жердің физико-географиялық, топырақ климаттық ерекшеліктеріне бейімделген өсімдіктердің түрін, сұрыптарын егу арқылы және мәдени екпе жайылымдарды жасауда түрлі агротехникалық іс-шараларды дұрыс қолдану мен малды жайылымда жаиуда жайылым ауысу жүйесін дұрыс пайдалануда ғылыми негізделген әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асыру тақырыптың өзектілігін ашады. Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның оңтүстік шөл аймақтарындағы табиғи шөл жайылымдарын жақсарту. Жайылымды ауыспалы жайылым, немесе малды танаптарда кезекпен бағу арқылы жайылымды ауыспалы жүйеге алмастыру жерді тиімді пайдаланудың негізгі көзі болып табылады. Бұл өз кезегінде жайылымды жерлерді алма кезек демалдырып, кезекпен пайдалану, егістік алқаптар мен жайылымдық жерлерге демалыс беру арқылы пайдалану мерзімдерін алмастыру немесе мал жаюды шөп шабумен кезек алмастырып отыру арқылы жайылымдақ жерлерді жақсартуға болады. Негізінен Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлді аймақтарда төрт танапты ауыспалы мал жайылымдық енгізу тиімді. Оның бір ерекшелігі мал жайылымдық жерлер жыл бойы бір рет пайдаланылады, әрі өрістер саны 30-33 болса дұрыс болар еді. Табиғи жайылымдардың шығымдылығын арттыруда мәдени өсімдіктердің түрін және сұрыптарын егу мезгілі мен егу мөлшерін білудің оны ерекше. Себу мерзімдері бойынша қуаңшылыққа төзімді малазықтық дақылдардың ең жақсы өсуі мен дамуы желтоқсан кезеңін береді және 5 - ші жылы қара сексеуілде – 136,4 см, жүзгінде – 112,6, изенде – 85,0 см, және терескенде – 85,1 см құрады. Оңтайлы себу мерзімдері (желтоқсан), тұқым себу нормалары және жайылымдық агрофитоценоздардағы малазықтық өсімдіктердің арақатынасы, шөл аймағының немесе учаскесінің жайылымдық-малазықтық жағдайларын ескере отырып, егістіктерді дұрыс орналастыру қалыпты тұру тығыздығымен жоғары шөп алуға мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 66, № 3-2, С. 29-40
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University