QUALITY INDICATORS OF NON-TRADITIONAL TYPES OF FLOUR FOR THE PRODUCTION OF SPECIAL PURPOSE PASTA
Глютенге төзбеушілік – целиакия ауруы бар науқастардың ағзасы үшін қоректік заттардың, сонымен бірге қауіпсіз тағамдардың оңтайлы қатынасын қамтамасыз ететін жаңа ресурстарды іздеу өзекті мәселе. Зерттеу объектілері ретінде: күріш (Қызылорда облысы), қарақұмық (Павлодар облысы), жүгері (Алматы облысынан) және ноқат алынды. Қазақстанда глютенсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мүмкіндігі бар. Елімізде күріш Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарында өсіріледі және 2020 жылы 230 мың гектар егілді, орташа өнімділігі 61,8 ц/га жалпы алым 551 мың тоннаны, ішкі сұранысы 133 мың тоннаны құрады. Қазақстаннан 551 мың тонна күріштің 35-38 пайызы шикізат ретінде экспортталады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша отандық қарақұмық ұны мен жүгері ұны қоспасынан алынған шикізатты, сондай-ақ физика-химиялық, микробиологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келетін және жақсы тауарлық түрі бар жүгері және күріш ұны қоспасын пайдалана отырып, глютенсіз ұн мен макарон өнімдерінің технологиясы әзірленді. Құрамындағы май мен талшық мөлшері бойынша зерттелген Қазақстандық ұн түрлері Ресейлік "Гарнец" фирмасының сынамаларымен салыстырғанда 0,3-1,0% - ға көп және глютенсіз өнімдер өндірісінде де, басқа да дәстүрлі емес арнайы өнімдер өндіру үшін мүмкіншілігі мол. Зерттеу нәтижелері мультипликативті әсер етеді: глютенсіз ұнға деген сұраныс өсімдік шаруашылығының әртараптандырылуына және күріш, жүгері, тары, майлы және бұршақ дақылдарының егістік алқаптарының ұлғаюына
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 66, № 3-1, С. 316-325
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University