DETERMINATION OF HONEY BEE BREED BY WING MORPHOMETRY
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының омарта ара отбасыларынан жұмысшы аралардың морфометриялық белгілерінің әртүрлі әдістемелері бойынша зерттеу жүргізілді. Екі әдіс арасындағы кубиталды индекс бойынша тұқымдық диапазондағы салыстырмалы талдау процесінде келесі нәтижелер алынды. Біріншісі В.В. Алпатов әдісі бойынша қанаттардың (қанат тамырларының қиылысу нүктелері арасындағы қашықтық, олардың қатынастары, қанат тамырларының арасындағы бұрыштар) және ара тұмсығының өлшем белгілерінің көмегімен жүзеге асырылды. Екінші әдіс бойынша бал араларының қанаттарына морфометриялық зерттеу жүргізу үшін араның алдыңғы оң қанаттары алынды. Сонымен, Apis.mellifera caucasica кубиталды индексінің орташа мәні Гетц бойынша 2,105 құрайды, ал В.В. Алпатов бойынша пайызға аударғанда-47,5%, ал стандарт бойынша бұл индекс 55-60% шегінде, A.m. sossimai Гетц бойынша бойынша – 2,117 (47,2%), бұл ретте пайыздық арақатынас – 54,4% (стандарт 55-60%), Гетц бойынша A.m. ligustica– 2,626 (38,0%) және пайыздық қатынас 40,6% (стандарт 40-45%), A.m. carnica – 2,999 (33,3%) Гетц және 37,5% В.В. Алпатов (стандарт 45-50 A.m. carpatica – тиісінше Гетц бойынша 2,502 (39,9%) және В.В. Алпатов бойынша 38,4% (стандарт 45-50%). Жалпы, зерттелген («Жан» ШҚ, «Нуржарык» ШҚ, «Левченко» ШҚ, «Муравьев» ШҚ, «Гостинин» ШҚ, SunBeeUgam» ЖШС) аралардың кубиталды индекстің төмен мәндеріне ие болуы оларды будандастыра алуын ғана емес, сонымен қатар бұл аралардың басқа тұқымға жататындығын да көрсете алады. Ара отбасыларының таксономиялық байланысын дәл анықтау аймақаралық қозғалысын бақылауға, таза тұқымды генофондтың резерваттарын анықтауға және сақтауға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 66, № 3-1, С. 277-287
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University