DYNAMICS OF THE NUMBER OF HELICOVERPA ARMIGERAIN CORN CROPS IN THE CONDITIONS OF ALMATY REGION
Жүгері (Zea mays L.) - әлемдік егіншілікте жан-жақты қолданылатын негізгі дақылдардың бірі. Азық-түлік мақсаттары үшін жүгері дәнінің, шамамен, 20%, техникалық мақсаттар үшін - 15-20% және жемшөп үшін, шамамен, үштен екісі қолданылады. Қазақстанда жүгері жылына 250 мың гектардан астам алқапта өсіріледі. Жүгері Алматы, Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында белсенді өсіріледі. Өсімдіктерді қорғаудағы фитосанитарлық жағдайдың болжамы бұрын анықталған заңдылықтарға сүйене отырып, болашақта зиянды объектілер популяциясының динамикасы туралы ықтималдық ғылыми негізделген пайымдау ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, болжамдардың сенімділігі мен дәлдігі болжау объектісінің сан мөлшері динамикасының факторларын білу дәрежесіне байланысты. Мақалада Алматы облысы жағдайында жүгері дақылдарында аса қауіпті зиянкестерінің бірі - мақта көбелегінің сан мөлшерінің динамикасын анықтау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері берілген. Алматы облысы жағдайында мақта көбелегі үш ұрпақта дамитыны және оның бір ұрпағы келесі ұрпаққа жалғасқаны анықталды. Мақта көбелегі – жылусүйгіш зиянкес, оның дамуы үшін көп жылу қажет. Қыстап шыққан ұрпақтың алғашқы көбелектерінің пайда болуы топырақтың температурасы 10 см тереңдікте 16°C және одан жоғары деңгейде, орташа тәуліктік ауа температурасы 19-20°C болған кезде байқалады. Фитофагтардың аталықтары үнемі феромон тұтқыштарына түсіп тұрғандықтан, мақта көбелегінің бір ұрпағы келесі ұрпаққа ұласып жатқандығы байқалды. Зиянкестердің екінші және үшінші ұрпақтаының жұлдызқұрттары жүгері дақылының генеративті мүшелерін жаппай зақымдады. Мақта көбелегінің жұмыртқа салуы және әртүрлі жастағы жұлдызқұрттарының дамуы ұшу кезеңінен бастап, күздің соңына дейін үздіксіз жалғасты. Ұзақ мерзімді болжау мақсатында жүгері алқаптарында егін жинағаннан кейін топырақты қазу жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша бір шаршы метрден 0,001 дана қуыршақ табылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 66, № 3-1, С. 184-192
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University