Central AsianResearch Index

THE EFFECT OF ZERO TILLAGE ON YIELD GRAIN CROPS IN THE CONDITIONS OF BOGARA SOUTH-EAST OF KAZAKHSTAN

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНЫҢ ТӘЛІМІ ЖАҒДАЙЫНДА ТОПЫРАҚТЫ НӨЛДІК ӨҢДЕУДІҢ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Оңтүстік-шығысындағы Қазақстанның тәлімі аумақтарындағы аудандардың ауыл шаруашылық дақылдарын өндірудегі мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Яғни, өсіру агротехникасының жеткіліксіз зерттелуінен аймақта жекелеген ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуға толыққанды мүмкін болмай отыр. Яғни дақылдардың аудандастырылған сорттарының өнімділігіне және оның жекелеген көрсеткіштеріне кешенді әсер ететін қор үнемдейтін агротехникалық әдістердің жиынтық әсері туралы ғылыми жұмыстардың қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына байланысты тәлімі жағдайда дәнді дақылдарды өсірудің агротехникасын жақсартатын (қор үнемдеуші технология) зерттеу жұмыстары жүргізілді, бұл осы еңбектің мазмұнын сипаттайтын негізгі аспект болып табылады. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тәлімі жерлерін игеруді ұтымды пайдалану үшін жаздық бидай мен жаздық арпаны өсірудің екі тәсілі зерттелді: топырақты 20-22 см тереңдікте жырту және нөлдік өңдеу технологиясы. Зерттеу нәтижесінде жаздық арпасының «Сымбат» сортының және жаздық бидайдың перспективті номерлерінің жоғары өнімділігі 20-22 см-де жыртқан нұсқада гектарына 38,9 және 36,2 центнер, ал нөлдік өңдеу нұсқасында сәйкесінше гектарына 36,4 және 34,7 центнер өнімділік алынды. Дән өнімділігінің қалыптасуы зерттелетін дақылдар мен сорттарға көбірек тәуелді болды, ал тәуелділік жылдар өткен сайын тек өсті, бұл зерттелетін дақылдардың маусым кезеңіндегі ауа райы жағдайларына байланысты болды.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 66, № 3-1, С. 140-149
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University