THE EFFECT OF SODIUM AZIDE AS A MUTAGEN ON THE AGRICULTURAL VALUABLE FEATURES OF MILLET (Panicum miliaceum L.) GENOTYPES
Тарының құнды бастапқы материалын жасау үшін дәстүрлі селекциямен қатар натрий азидімен индукцияланған химиялық мутагенез әдісі қолданылады, оның өзі немесе оның метаболиттері геномдағы нүктелік мутацияларды тудырады, әдетте генді оқу шеңберінде ығысуды тудырмайды. Бұл мақалада Павлодарское 4 (Қазақстан), К-10275-Квартет (Ресей) және PI 289324 (Венгрия) тарының (Panicum miliaceum L.) 3 сортының тұқымдарына натрий азидінің мутагендік әсерін зерттеу нәтижелері берілген. Тарының шаруашылық құнды белгілеріне әсер ету мақсатында әртүрлі концентрациядағы мутаген ерітінділерімен (0,1%, 0,2%; 0,3%; 0,4%; 0,5%) және өңдеу уақытымен (4 сағат, 8 сағат 12 сағат) өңделіп, М2 ұрпағындағы индукциялық пайдалы мутациялардың тиімділігін анықтау үшін қойылған. М2 ұрпағындағы тары өсімдіктерінің өсуі мен дамуын бақылау барысында концентрациясы мен экспозициясы жоғарылаған сайын мутагенді өңдеу танаптық өнгіштіктің тежейтінін көрсетті. Тарының 1000 тұқым массасы, негізгі шашақтан алынған тұқым массасы және өнімді түптену сияқты шаруашылық құнды белгілері бойынша генотиптерге байланысты мутагендік заттың әртүрлі әсері байқалды. Зерттеулерде тары үшін маңызды белгілер: танаптық өнгіштік, өнімді түптену, негізгі шашақтағы дән массасы, 1000 дән массасысияқты көрсеткіш есепкеалынды.Сегіз сағаттық экспозициядағы тарының М2 ұрпағының тұқым өнімділігі бойынша Квартет сорты бөлінді (651,4 г).Зерттеудің барлық нұсқалары мен генотиптерінің ішінде бақылау нұсқаларымен салыстырғанда Павлодарское 4 сортының есепке алынған көрсеткіштеріне натрий азидінің неғұрлым жоғары мутагендік әсер еткені анықталды.Тары өсімдіктерінің құрылымдылық талдауын және өнімділігін ескере отырып, P. miliaceum L. натрий азидімен өңдеудің тиімді концентрациясы мен уақыты белгіленді – 0,1%-дан 0,4%-ға дейін және 8 сағат. Алынған мәліметтер негізінде натрий азидін өсімдік шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар іргелі зерттеулерде қолданудың келешегі бар.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 66, № 3-1, С. 31-42
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University