METHOD OF PREPARATION OF NUTRITIOUS MIXED FOR COWS AND SHEEP BASED ON ALFALFA HAYLAGE
Мақалада Қызылорда облысы жағдайында күріш шаруашылығы қосалқы өнімдерін пайдалану арқылы жоңышқа пішендемесі негізінде сиыр мен қойға арналған құнарлы аралас азық дайындау тәсілі жайлы баяндалған. Арал өңірі тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде мал шаруашылығы ерекше орын алады. Бұл өндіріс саласындағы басты міндеттердің бірі – берік мал азығы қорын жасау болып табылады. Аймақта мал азықтандыру рациондарының қоректілік деңгейінің төмен болуы әсерінен малдардың өнімділік-генетикалық потенциалдары толық көрінбейді. Қазіргі кезде мал шаруашылығы дамыған елдердің көпшілігінде мал азықтандыру толық рационды азық қоспаларын пайдалануға негізделген. Мұндай азық қоспаларының негізгі компоненті ретінде сүрлем не пішендеме алынады. Қызылорда облысы – еліміздегі күріш өсіретін басты аймақ. Негізгі өнімді жинап алған соң күріш алқаптарында мыңдаған тонна сабан, күріш салысын өңдегеннен кейін күріш ұнтағы мен қауызы сияқты қосалқы өнімдер қалады. Бұл қалдықтарды малға азық ретінде пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік әсіресе құнары төмен, азық түрі аз біздің өңірде ерекше сезіледі. Өкінішке орай, азық өндірісінің бұл резерві толық пайдаланылмай келеді. Сондықтан қолда бар азық ресурстарын тиімді пайдалануүшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Осындай біздің өңірде қолдануға болатынтәсілдің бірі – жоңышқа пішендемесі мен күріш қосалқы өнімдерінен құнарлы аралас азық дайындау болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 2, С. 287-296
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University