Central AsianResearch Index

MEASURES FOR THE RATIONAL USE OF SOIL

ТОПЫРАҚТЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫ

Сұр топырақты жағдайдағы ауыл шаруашылығына қарасты суармалы жерлерді ұтымсыз пайдалану, кейінгі жылдары бірқатар мәселелерге кенеліп отыр. Біздің атқарылған ғылыми зерттеулеріміз, негізінен, екінші сортаңдануға ұшыраған сұр топырақты жағдайында, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға және суармалы суды барынша тиімді пайдалану мақсатында, отандық жаңа Мақтаарал-4017 мақта сортының агротехнологиясын дайындап, өнімділікті арттыру болып табылады. Сондықтан да топырақтың құнарлылығы төмен және су тапшылығы жағдайындағы, топырақты ұтымды пайдалану негізінде, топырақтың тұздануының алдын алу мен мақта қозасы өнімділігін арттыруда - кешенді агромелиорациялық шараларды қолдану, Түркістан облысындағы суармалы жерлердің өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Осы орайда, біздің жүргізіліп келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары, отандық мақтаның Мақтаарал-4017 сорттық агротехнологиясын әзірлеуде, Түркістан облысындағы мақта шаруашылығы саласындағы шаруа қожалықтардың өндірісіне енгізу негізінде бағытталып отыр. Бұл мақалада, агромелиорациялық қарқынды шаралар, топырақ қабатының тығыздығын төмендету және топырақтың басқа да агрофизикалық қасиетін оңтайландыру бағытындағы, топырақтың терең қабатын қопсытумен бірге топырақты лазерлік тегістеу технологиясы, суармалы жерлердің өнімділігін арттыру негізіндегі ғылыми-зерттеулер нәтижелері баяндалған. Бұл шаралар, өз кезегінде, мақта дақылы тамырының терең бойлауына, топырақтың су өткізгіштігінің артуына және зиянды тұздардан қарқынды шайылуына және суды үнемдеу мен жерді ұтымды пайдалану негізінде қарқындылық танытады

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 2, С. 257-266
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University