SEARCH FOR WAYS TO DEVELOP A VARIABLE PASTURE SYSTEM FOR THE PURPOSE OF ACCELERATED FORMATION OF NATURAL RESOURCES
Бұл мақалада жайылым ресурстарын басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Алайда жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану, күтіп-баптау, күтіп-баптау мәселелері шешімін таппай отыр. Соның салдарынан жайылымдық жерлердің өнімділігі төмендейді, пайдалы мал азықтық өсімдіктер таңдалады. Соңғы жылдары агроөнеркәсіп кешенінде болған өзгерістерге байланысты мал шаруашылығында түрлi меншік нысандары құрылды. Іс-қызмет бабы кезінде көптеген меншік түрі мамандарының жайылымға деген көзқарасының өз денгейінде емес екендігі, оны қалай болса солай пайдаланатындығы байқалды. Ал, шынында, табиғи жайылым ғасырлар бойы қалыптасқан күрделi экологиялық жүйе. Оны басқарудың өзіндік ерекшелңктері бар. Соған қарамастан жайылымды тиімді пайдалану, күтіп-баптау, өнімділігін көтеру мәселелері шешілмеуде. Нәтижесінде жайылымның шығымдылығы төмендеп, пайдалы мал азықтық өсімдіктердің сиреуі байқалуда. Табиғи жайылым шығымдылығы мен өнімділігін арттырудың ең тиімді жолдарының бірі жайылым алқаптарын қорғау және ауыспалы жайылым жүйесін қолдану болып табылады. Оңтүстік өңірдің топырақ – климат және өсімдік жамылғысының біркелкі болмауына байланысты бұл мәселелерді шешудін өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстік шөл аймағы жағдайында көп жылдар бойы жайылымды тиімді пайдалану және өнімділігін көтеру тәсілдері зерттелді. Бұлардың ішінде шаруашылықа маңызы бар мәселенің бірі ауыспалы жайылым жүйесі. Изенді және теріскенді аралас екпе жайылымы түрлері жаз – күз кезінде жұғымдылығы жоғары болғандықтан, мал жақсы жейтіні анықталды. Ал, құнарлығы жоғары күйреуік, жусан, шоған және сексеуіл тектес өсімдіктерінің жұғымдылығы күз – қыс кезінде жоғары болатындықтан күзгі – қысқы маусымды жайылым жасауға тиімділігі белгілі болды. Оларды көктемгі немесе жазғы маусымдық жайылым жасауға пайдалану жақсартылатын жердің потенциалын толық игеруге мүмкіндік бере бермейтіні, сөйтіп мал жейтін азық мөлшерін толық алуға әсер ететіні анықталды. Табиғи және екпе жайылымдардың өсіп – даму ерекшеліктерін және жұғымдылығын ескере отырып бір маусымдық жайылымды пайдаланудың ауыспалы жайылым жүйесі ұсынылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 2, С. 151-160
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University