INCOMPATIBILITY PROCESSES DURING HYBRIDIZATION OF WHEAT CULTURAL VARIETIES WITH WILD RELATIVES
Алшақ будандастыруда болатын сәйкессіздік процессі тозаң қапшығындағы тозаң клеткаларының аналық гүл ұлпасына енгеннен кейін әрі қарай өсу, даму сатыларын кешеуілдетеді. Қашық туыстарды будандастыруда болатын клеткалық, ұлпалық, деңгейде жүретін ауытқулар, ең алдымен тозаңның, тозаң түтікшесінің ұрықтануы мен дәннің түзілуі кезінде сәйкессіздік себебінен екендігін көрсетті. Эндосперм клеткаларының ұрықтық генеративті жыныс клеткаларының кешеуілдеп келуі салдарынан ұрықтану процессіне көп кедергі болғаны анықталды. Жыныс клеткаларының (генеративті, вегетативті) мейоздық бөлінуі мерзімінде дұрыс бөлінбей, хромосомдардың қалыс қалуынан, әртүрлі фрагменттердің түзілуінен, клетка ядроларының тең бөлінбеуінен, көпірлердің пайда болуынан, бөлінуге тиісті хромосомдардың әртарапқа қашып кетуі салдарынан болатындығы анықталды. Сәйкессіздік тозаң түтікшесінің, ұрық қабындағы генеративті ядролардың бөлінуі кезінде, эндосперм ұлпалары мен басқада тұқым қапшығында жүретін реакциялардың дұрыс жүрмеуі нәтижесінде болатындығы анықталды. Тозаң түйіршектерінің ұрық пен эндосперм клеткаларымен сәйкессіздіктің барлық морфологиялық бұзылыстарды тәжірбиеге алынған комбинациялар үшін ұқсас, біртектес болғаны байқалды. Будан дәнінің өміршеңдігінің болмауының негізгі себебі будандастыруға алынған генотиптердің геномдық құрылымының сәйкес келмеуінен болады
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 2, С. 48-60
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University