Central AsianResearch Index

THE METHOD OF DRIP IRRIGATION AND MINERAL NUTRITION AND LINKAGE OF THE FORMATION OF THE ASSIMILATION APPARATUS OF SUGAR BEETS

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ АССИМИЛЯЦИЯЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІ МЕН МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ МЕН БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ

Қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік-шығысында қант қызылшасын өсірудің егіншілік жүйелері мен технологияларын жасауға, сондай-ақ дақылды өсіру кезінде табиғи және су ресурстарын тиімді пайдалануға, суғармалы егіс өнімділігін жоғарылатуға бағытталған зерттеулер өзекті болып табылады. Осыған байланысты ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа технологияларын жақсартып, оларды өндіріске пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Еліміздің оңтүстік-шығысында суғармалы егіншілікте ресурс үнемдеуші және жел эрозиясын болдырмау, озық технологияларды өндіріске енгізу үшін зерттеулер жүргізудің ғылыми-тажірибелік маңызы басым. Алдыңғы технологиялар қатарына басты стратегиялық ықпалды дақыл – қант қызылшасын тамшылатып суғару әдісімен өсіру атасақ болады. Жер шарындағы және біздің елімізде суғару жағдайында суды пайдалану соңғы 40-50 жыл бойы жаппай өсу көрсеткіші артуда және бүгінгі таңда барлық суды пайдалану деңгейі 75% құрап отыр . Тұщы суды азаюы жер шарында тез қарқынмен белең алуда және шетелдік аграрлық саланың ғалымдарының зерттеулері бойынша су ресурстарына сұраныс 2030 жылға дейін 2 есеге артуы мүмкін. Жүргізілген зеттеулердің нәтижесінде республиканың оңтүстік-шығысында қант қызылшасын тамшылатып суғару оңтайлы әдіс екені анықталды. Қант қызылшасы танабын минералды қоректендіру үрдісін тамшылатып суғару суымен бірге бөлшектеп беру, дәстүрлі тыңайтқыштар енгізу әдісіне қарағанда, оның тиімділігін 2-3 есеге арттырды. Қант қызылшасын тамшылатып суғару тәсілімен бетіне үлбір жабынды жабу арқылы суғару өсімдіктің гектардағы жапырақтар ауданын кеңейтіп қана қоймады, сонымен бірге дақылдың тәуліктік фотосинтетикалық көрсеткішін де арттырды.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 2, С. 16-26
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University