Central AsianResearch Index

ANALYSIS OF THE EPIZOOTIC SITUATION FOR SOME INFECTIOUS DISEASES OF ANIMALS IN THE PAVLODAR REGION

ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕГІ ЖАНУАРЛАРДЫҢ КЕЙБІР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ БОЙЫНША ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Мақалада 2017–2021 жылдар кезеңінде Павлодар облысындағы жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайға талдау жүргізу нәтижелері және облыс бойынша жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларының жүргізілуінің талдауы бойынша деректер келтірілген. Жүргізілген мониторингтік-талдамалық жұмыстың негізінде инфекциялық аурулар бойынша 2017 жылдан 2019 жылға дейін спорадиялық жағдайлар тіркеліп, ал 2020 жылы жануарлардың жұқпалы аурулары санының өсуі байқалғандығы анықталды. Облыс кескінінде қолайсыз пункттер саны 2020 жылы 26 құраған, бұл соңғы жылдардағы эпизоотиялық ошақтар тіркелуінің рекордтық көрсеткіші болып табылып, оның ішінде: құтыру бойынша – 14, эмфизематозды карбункул бойынша – 5, құстардың жоғары патогенді тұмауы бойынша – 7 ошақ, яғни табиғи-ошақты құтыру ауруы аймақта басым болғандығы анықталды – 53,8%, эмфизематозды карбункулы – 19,2%, ал құстардың жоғары патогенді тұмауы – 26,9% құрайды. Зерттеу нәтижелері жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық іс-шараларды сауатты ұйымдастыруға, сондай-ақ өңірдің эпизоотиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар жиынтығын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 64, № 1, С. 324-333
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University