Central AsianResearch Index

INVESTIGATION OF THE IRRIGATION REGIME OF VEGETABLE CROPS WITH DIFFERENT IRRIGATION METHODS

КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫН ӘРТҮРЛІ СУҒАРУ ТӘСІЛДЕРІМЕН СУҒАРУДЫҢ ТӘРТІБІН ЗЕРТТЕУ

Ғылыми мақалада Жамбыл облысы Жамбыл ауданының суғармалы сұр топырақтарында көкөніс дақылдарын әртүрлі суғару тәсілдерімен суғарудың тәртібін зерттеу жұмысының нәтижелері келтірілген. Қәзіргі уақытта суғармалы судың жетіспеушілігі мен тапшылығы өзекті мәселеге айналып келеді. Осы орайда ауылшаруашылық дақылдарының суғару тәртібін зерттеу маңызды болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысына көкөніс дақылдары қолданылды және олар төменқысымды тамшылатып суғару жүйесімен суғарылды. Көкөніс дақылдарының биологиялық және морфологиялық белгілері ескеріле отырып топырақтың есепті қабатын ылғалдандырудың тереңдігі 30см етіп қабылданды. Көшеттер ашық танапқа отырғызар алдында топырақтың құрамындағы ылғал қоры анықталды және ол 670м3/га болды. Жүйектеп суғару тәсілінде көкөніс дақылдарының суғару мөлшері маусым және шілде айларында 280-630м3/га арасында болды. Көкөніс дақылдарын тамшылатып суғару кезінде есепті топырақ қабатын ылғалдандырудың ұзақтығы анықталды. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде көкөніс дақылдарының суғармалау мөлшері жүйектеп суғару нұсқасында 3500м3/га болса, тамшылатып суғару нұсқасында 1674м3/га болғандығы анықталды. Вегетация кезінде көкөніс дақылдары тамшылатып суғару нұсқасында біршама көп суғарылды. Тамшылатып суғару нұсқасында көкөніс дақылдарының суғару мөлшері 147-256м3/га-ға төмен көрсеткіш көрсетті. Тамшылатып суғару нұсқасында суғармалы судың үнемділігі -1826м3/га (52%).

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 64, № 1, С. 262-271
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University