Central AsianResearch Index

APPLICATION OF THE LOWER-PRESSURE DRIP IRRIGATION SYSTEM FOR TOMATO CROPS ON IRRIGATED LANDS OF THE KYZYLORDA REGION

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ҚЫЗАНАҚ ДАҚЫЛЫН СУАРУДА ТӨМЕНГІ-ҚЫСЫМДЫ ТАМШЫЛАТУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ

Бұл зерттеуде Қызылорда облысының суармалы жерлерінде қызанақ дақылын суаруда төменгі-қысымды тамшылатып суаруда дақылдардың өнімділігіне және қызанақты өңдеу кезінде суармалы суды пайдалану тиімділігіне әсері қарастырылған. Қазіргі таңдағы ауылшаруашылық дақылдарын суаруда пайдаланатын су ресурстарының тапшылығы үлкен мәселеге айналып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты қызанақ дақылын суаруда қол жетімді төменгі-қысымды тамшылатып суаруды қолдану барысында дақылдан жоғары өнім ала отырып, су шығынын азайту. Сонымен қатар топыраққа түсетін экологиялық жүктемені азайту. Зерттеу сонымен қатар климаттың әсерін (құрғақшылық) және топырақ параметрлерін (құрылым) тексеруге бағытталған. Қызылорда облысының суармалы жерлерінде дақылдардың төменгі-қысымды тамшылатып суарудың басқа әртүрлі суару режимдеріне қарағанда топырақ-климаттық жағдайларға байланысты тиімді болып келеді. Бұл тәсілде топырақтың белгілі қажет деген жері ғана ылғалданады, бір нүктеге су белгілі мөлшерде және мерзімде тамшылатып тұрады. Бұның артықшылығы: су үнемделеді; суды тынымсыз тоқтатпай беріп тұруға болады; су қажетті мөлшерде беріледі; жер тегістеудің қажеті жоқ; өсімдіктің өнімі көбейеді; өсімдік тапталмайды және топырақтың ылғалданған жеріне шығады; кәріздеудің тағы басқа шараларды қажет етпейді. Қаралып отырған мақалада Қызылорда облысының құрғақ жағдайында ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып суару технологиясын пайдалану арқылы су ресурстарының тиімділігін жоғарылату болып табылады

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 64, № 1, С. 242-249
Язык
Английский
Цитирований
1
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University