DETERMINE ZONES OF PLACEMENT OF GARDEN CROPS IN NORTH KAZAKHSTANAND WEST KAZAKHSTAN REGIONS
Мақалада «Ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығын сақтау мен молайтуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету»атты Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының нәтижелері келтірілген. Жан-жақты қажетті мәліметтерді жинаудың нәтижесінде Батыс және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде бау-бақша дақылдарын орналастыру аймақтары анықталды. Сондай-ақ, агроклиматтық ресурстарды кешенді бағалау үшін негізгі вегетациялық кезең бойынша агроклиматтық көрсеткіштер бойынша аумақты агроклиматтық аудандастыру (аймақтандыру) жүргізілді. Солтүстік Қазақстан өңірінде ауа температурасы 5°С-тан жоғары кезеңде орташа есеппен 2500-ден 3300°С-қа дейін жылу жиналып, олардың мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі. 2000-3000°С жылу жиналу үшін ауа температурасы 10°С-тан жоғары болу керек. Ауа температурасы 15°С-тан жоғары болғанда жылу ресурстары 1500-2500°С аралығында жылу сүйгіш дақылдарға тән болып келеді. Жылу ресурстарының ауылшаруашылық дақылдарының талаптарына сәйкестігінбағалау үшін температура қосындыларының мәндері әртүрлі қолжетімділікте анықталады. Өсімдіктерді жылумен қамтамасыз ету 80-90% жақсы деп жалпы қабылданған. Әдеби деректерге сүйенсек, табиғи ылғалдылық жағдайында ауылшаруашылық дақылдары егілетін Солтүстік Қазақстан аумағының жартысынан көбі құрғақ емес және аздап құрғақ. Батыс Қазақстан аймақтарында күн радиациясының ресурстары ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы өмір сүруі үшін жеткілікті және ұзақ күндік өсімдіктер, жидек дақылдары мен дәндік тұқымдар үшін қолайлы
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 64, № 1, С. 28-36
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University