RESULTS OF STUDYING THE DROUGH TOLERANCE OF KAZAKHSTAN WINTER WHEAT VARIETIES
Мақалада күрделі абиотикалық стресс факторларының бірі болып табылатын құрғақшылық белгілерінің күздік бидай сорттарына әсері зерттелді. Тәжірибелер дала жағдайында Алматы облысы Ілеауданындағы «Қарой»бекінісінде тәлімі жағдайда жүргізілді. Өте құрғақшылығымен ерекшеленген 2021 жылы ауа райы көрсеткіштерінің көп жылдық деректерден күрт ауытқығаны көрсетілді. Жыл басынан бері ауа температурасы көп жылдық мәліметтерден орташа есеппен +3,4 °С жоғарылағаны және бұл көрсеткіш 2021 жылдың барлық айларына тән болғаны анықталды. Зерттеу жүргізілген жылы күздік бидай егістігіндегі жауын-шашын мөлшері орташа көп жылдық мәліметпен бірдей болғанына қарамастан, күздік бидай белсенді өсетін маусым және шілде айларында жаңбыр аз жауғандықтан ылғалдың жетіспеушілігі байқалды. Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген және мемлекеттік сорт сынақтағы сорттарды, сондай-ақ сұрыпталған селекциялық линияларды пайдалана отырып құрғақшылық жағдайында өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық-құнды белгілері зерттелді. Атап айтқанда сорттар мен линиялардың вегетациялық кезеңдері, қыстап шығуы, өнімді түптенуі, құрғақшылыққа төзімділігі, өсімдік биіктігі, егін түсімі, масақ және дән көрсеткіштері анықталды. GreenSeeker қол сенсорын қолдану арқылы күздік бидайдың өсу жағдайы бағаланды, сондай-ақ құрғақшылық жағдайда бидай сорттары вегетациялық NDVI-индекс бойынша салыстырылды. Зерттеу нәтижесінде құрғақшылықтың салдарынан күздік бидай сорттарының жалпы өсіп-дамуы нашарлайтыны, биологиялық және шаруашылық-құнды белгілерінің айтарлықтай кемитіні көрсетілді. Дегенмен аномальді құрғақшылыққа қарамастан күздік бидайдың жекелеген линияларының түсім көрсеткіштері Стекловидная 24 бақылау сортынан асып түсетіні дәлелденді. Құрғақшылыққа төзімділігі бойынша сұрыпталған селекциялық линияларға құрылымдық талдау нәтижесінде биологиялық және түсім көрсеткіштері жоғары генотиптер бөлініп алынды
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 64, № 1, С. 18-27
- Язык
- Английский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University