Central AsianResearch Index

PERFORMING A PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL ANALYSIS OF THE PROBLEM OF INCREASING STUDENTS' CREATIVITY WITH THE HELP OF OUTSIDE THE CLASS WORK

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ

Сыныптан тыс жұмыстар балалардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді сондықтан олардың пәнге деген қызығушылығы арттырылады. Үйірмеде, жиналыста немесе кешкі сабақта осы немесе басқа құбылысты білетін бала оның табиғатын тереңірек түсінуге тырысады және көбірек әдебиет оқуға тырысады. Біз сыныптан тыс жұмыстар мұғалімге өз оқушыларының жеке қабілеттерін тереңірек танып білуге, олардың арасынан физикаға қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға және осы қызығушылықты дамытуға жан-жақты бағыт беруге көмектеседі деп есептейміз.Сыныптан тыс жұмыстар міндетті бағдарламамен байланысты емес, олар оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады және өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырған кезде мұғалім мен оқушылардың уақытын ұтымды пайдалану қажет, сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін жоспарлау өте маңызды. Мұндай жоспар оқушылардың қалауы мен бейімділігіне сәйкес және жалпы мектептік жылдық жоспарды ескере отырып жасалуы керек. Біз физикадан сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік міндеттерін талдау кезінде мектеп оқушыларымен жүргізілетін сабақ пен сыныптан тыс жұмыс мақсаттарының бірлігі қағидасын басшылыққа алу қажет деп есептейміз. Жалпы білім беретін орта мектепте физиканы оқыту процесінде оқушылар қоғамдық және ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі талаптарына сәйкес физика ғылымының негіздерін терең де берік меңгеруі тиіс. Оқушыларды өз білімін үздіксіз жетілдіруге, өз бетінше толықтыруға және тәжірибеде қолдана білуге ұмтылуға тәрбиелеу керек.Бұл тапсырмаларды тек физика сабағында толық шешу мүмкін емес. Олардың көпшілігі сабақ шеңберіне сәйкес келмейтін жұмыс формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 63, С. 134-142
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University