Central AsianResearch Index

THE FEATURE OF USING COMPARISON AND CONCEPTUAL METAPHOR IN A LITERARY TEXT (BASED ON THE WORKS OF A. KEKILBAEV)

КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ТЕҢЕУ МЕН КОНЦЕПТУАЛДЫ МЕТАФОРАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ (Ә.КЕКІЛБАЕВ ТУЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША)

Жаһандану дәуірі атанған ХХІ ғасырда әрбір ұлттың өзіндік бет-бейнесі ұлттың рухани мұрасын, этномәдениетін сақтап, қайта жаңғырта білуіне байланысты болмақ. Біздің халқымыздың тілі, әдебиеті, мәдениеті бүгінгі қазақты өзге ұлттардан ерекшелендіріп қана қоймай, әлемдік кеңістіктегі орнымыздың жоғары болуына да әлеуетінің жететіндігін айқындай алады. Ә.Кекілбаев туындыларын мысалға келтіре отырып зерттелген мақалада қаламгердің тілдік тұлғасындағы теңеулер мен метафоралық қолданыстары сөз болады. Көркем мәтінде шығарма мазмұнын айшықтап жеткізетін көркемдегіш құралдардың бірі және ұлттық колоритті дөп басып өрнектей алатын теңеулер мен концептуалды метафора, зерттеуші ғалымдардың тұжырымдарын басшылыққа ала отырып қарастырылады, көркем шығармадағы тілдік қолданыстармен дәйектеледі. Ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып-білу үшін тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте қарастырған жөн. Сол себепті мақалада көркем мәтіндегі жазушының сөз саптау шеберлігі мен халықтың өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, ерекше өрнектей білгендігі нақты мысалдармен дәлелденеді. Мағыналық дистрибуцияның бұзылуы негізінде пайда болған жазушының окказионал қолданысының мағыналарына талдау жасалып, түсініктеме беріледі. Қорытындысында жазушы шығармалары тілін когнитивтік деңгейде түбегейлі зерттеу керек деген тұжырым жасалады.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 63, С. 90-99
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University