Central AsianResearch Index

CARRYING OUT MAINTENANCE OF PUMPS ACCORDING TO THE VALUE OF THE VOLUME OF WORK AT THE ENTERPRISE "CENTRAL MINING ENTERPRISE" LLP

СОРҒЫЛАРДЫҢ «ОРТАЛЫҚ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРНЫ» ЖШС ӨНДІРІС ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖҰМЫС КӨЛЕМІНІҢ МӘНІ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Мақалада негізгі сорғы түрлері бойынша «Орталық Өндіруші Кәсіпорны» ЖШС кәсіпорны бойынша техникалық қызмет көрсету түрлері қарастырылды. Техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және толық жөндеу жұмыстары негізінде олардың тиімділігін арттыруда кездесетін мәселелер қаралды. Ғылыми мақаланың өзектілігі зерттеу жұмыстары «Орталық Өндіруші Кәсіпорны» ЖШС кәсіпорны аумағында жүзеге асырылды және кәсіпорындағы сорғы жасаған жұмыстарының мәні бойынша есептеулер, қорытынды және олардың жұмысын жақсарту бойынша кәсіпорынға ұсынымдар жасалынды. Мақаланың негізгі мақсаты тұрақты түрде техникалық қызмет көрсетуді кәсіпорында жүзеге асыру арқылы сорғылардың жұмысын жақсарту, жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды азайту және өнімділікті арттыру болып табылады. Ғылыми мақаланың кәсіпорындағы негізгі 3 сорғы түрі қарастырылады. Мақалада сорғылардың әр жыл бойынша жұмыс істеу көлемін анықтау арқылы қажетті техникалық қызмет түрлерінің сұлбасы және сорғылар бойынша регламент талаптарына сәйкес олардың тізімі жасалды. Мақаладағы негізгі қарастырылған мәселелер сорғылардың үздіксіз жұмыс жасау процесін қалыптастыруға байланысты кәсіпорындағы жұмыстарды және ақауларды анықтау, олардың болдырмау жолдарын қарастыру сонымен сорғылардың жұысының тиімділігін аттыру болып табылады. Мақаланың негізгі жаңалығы бұл «Орталық Өндіруші Кәсіпорны» ЖШС кәсіпорнындағы сорғылар бойынша олардың нормативтік талаптарға сәйкес мерзімдік түрде жасалатын техникалық қызметтер түрлерін кәсіпорын мамандарымен бірге қалыптастыру және оларды жұмыс процесіне енгізу. Мақалада техникалық қызмет түрлерін қалыптастыру бойынша негізгі ұйымдастыру әдістері қолданылды. Негізгі есептеулер және нәтижелер бойынша кесте түрінде олардың тізімі жасалды және оларды дамыту кәсіпорын жауапты тұлғаларына бірнеше ұсыныстар жасалды.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 63, С. 78-89
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University